Залалсыздандыру (латынша «sterilis» - ұрықсыз) қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы.
Барлық құрал-саймандарды өңдеу 2 кезеңнен тұрады: залалсыдандыру алдындағы өңдеу және залалсыздандырудың өзі. Залалсыздандыру алдындағы өңдеу кұрал-саймандардың ластануына, ал залалсыздандыру құрал-саймандардың түріне байланысты болады.
Бірінші кезекте хирургиялық құрал-саймандардың түріне қарап залалсыздандыру әдісін таңдайды. Барлық хирургиялық құрал-саймандар сапасына және құрамындағы заттарға байланысты 3 топқа бөлінеді:
• металлдан жасалған (кесетін, кеспейтін);
резеңке және пластмасстан жасалған;
оптикалық және шыныдан жасалған.
6.Тігетін жіптердің түрлері қолдану аясы. Имплантация - емдеу (барысында) максатымен жасанды заттарды (протездер, спицалар, пластиналар, клапандар, тігіс жіптер) науқастың денесіне енгізу, сіңдіру болып табылады.
Имплантациялық инфекцияның көздері:
1. Тігіс жіптер.
2. Дренажды түтіктер.
3. Стенттер.
4. Спиральдар.
Резеңкеден жасалған заттарды автоклавта немесе формалин буында залалсыздандырады. Пластиктан жасалған заттарды газбен залалсыздандыру керек. Соңғы кезде гамма-сәулелерін жиі қолданады.
Тігіс жіптерінің түрлері
Табиғатына байланысты:
1. Табиғи жіптер (кетгут, жібек, мақта-маталық жіптер).
2. Синтетикалық (лавсан, капрон, фторлон, дакрон, полиэстер, викрил,окцилон).
Сіңуіне байланысты:
1. Сіңетін - табиғи - кетгут; синтетикалық - окцилон, викрил, дексон.
2. Сіңбейтін - қалғанының барлығы.
Жуандығына байланысты - әртүрлі қалыңдықта болады. Ыңғайлы болу үшін нөмірленген, жіп жіңішке болған сайын реттік нөмірі төмен болады.
Жарақаттауына байланысты:
I. Жарақаттайтын жіптер (хирургиялық инеге өткізілетін, қалыпты жіптер).
2. Жарақаттамайтын (атравматикалық) жіптер - заводта жіп диаметріне сәйкес келетін инемен жабдықталған.
Тігіс жіптерін залалсыздандыру әдістері.
1. Кохер әдісі - жібек жіпті залалсыздандыру.
2. Ситковский әдісі - йод буында кетгутты залалсыздандыру.
3. Губарев және Клаудиус әдістері - люгольдің спирт және суерітінділерінде кетгутты залалсыздандыру.
Айтылып кеткен әдістер сирек қолданылады. Қазіргі кезде стационарларда синтетикалық жіптерді залалсыздандыру үшін, қайнату және автоклавтау әдістерін пайдаланады.