7.Оптикалық жүйесі бар құралдар мен жабдықтарды заласыздандыру.
Оптикалық құрал-саймандарды залалсыздандыру.
Ақырын залалсыздандыруды талап ететін оптикалық құрал-саймандарды газбен залалсыздандырады. Бұл әдіспен күрделі құрылысты, қымбат тұратын лапароскопиялық және торакоскопиялық құрал-саймандарды залалсыздандырады.
Фиброгастроскоп, холедоскоп және колоноскоптарды залалсыздандыру үшін, химиялык антисептиктерді пайдалануға болады (этил спирті, хлоргексидин, сайдекс-глутарь альдегиді бар екі компонетті зат). Жанасу инфекциясының алдын-алу үшін, заводта сәулелік залалсыздандырудан өткен құрал-саймандарды пайдалану керек!
8.Қолды және операциялық аумақты операцияға дайындау.
Қолды өңдеудің ережелері. Қолдағы барлық әшекейлерді, сағатты шешу керек, себебі олар қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Қолдар сабынданады, кейін жылы ақпа сумен шайылады және барлығы қайта қайталанады. Қолды бірінші рет сабындағанда немесе жылы сумен шайған кезде қолдың терісіндегі микроорганизмдер жойылады. Жылы суды пайдаланғанда немесе қолды ысқылағанда тері ашылады, сол үшін қайталап сабындаған және шайған кезде ашылған терідегі микроорганизмдер жуылады. Жылы су сабынның аса тиімді әсер етуіне көмектеседі, сол сияқты ыстық су қолдың бетінен қорғаныстық майдың қабатын жояды. Осыған байланысты қолды жуу үшін ыстық суды пайдаланбаған дұрыс.
Гигиеналық деңгей – қолды жуу үшін зарарсыздандырылған заттарды пайдалану; бұл микроорганизмдерді жоюға және кетіруге арналған өте тиімді әдіс. Қолдың гигиеналық өңдеуі алдымен инвазия рәсімнің орындалуымен ескеріледі, иммунитеті төмен науқасты тексеріп болғаннан соң, жаралармен немесе несеп шығаратын катетермен жұмыс жасағаннан соң, қолғапты киерде және қолғапты шешкеннен соң, организмдегі биологиялық сұйықтықпен жанасқанда немесе микробтық ластанудан соң пайдаланылады.
Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру.
Хирургиялық деңгей – әр хирургиялық қабаттасушылықта өткізіледі, емделушінің терідегі жабынның тұтастығының бұзушылығымен жүргізіледі, микроорганизмдердің операциялық жараға немесе операциядан кейінгі инфекциялық қозуға әсер етуін алдын – алу үшін жүргізіледі..
Операциялық орынды даярлау 4 кезеңмен негізделген:
1. Жүнін қырып механикалық тазалау;
2. Майсыздандыру;
3. Дезинфекциялау және нығыздау;
4. Қоршаған аумақтардан оңашалау.
Достарыңызбен бөлісу: |