Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Наркоз,анықтамасы,жіктелуі. Наркоздық заттардың әсер ету механизмі



бет5/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

9.Наркоз,анықтамасы,жіктелуі. Наркоздық заттардың әсер ету механизмі.
Наркоз (грек. narkosіs – мелшию, ұйып қалу) – орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. 
Наркоздың жіктелуі

  1. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін факторына байланысты:

  2. A) фармакодинамикалық наркоз – фармакологиялық препараттар арқылы әсер етеді;

Б) Электр наркозы – электр өрісімен әсер ету;
B) Гипнонаркоз – гипнозбен әсер ету болып бөлінеді..
Наркоздың негізгі түрі фармакодинамикалық наркоз.
2.Препараттарды енгізу жолдарына байланысты:

  • ингаляциялық наркоз – наркоздық препараттар тыныс алу жолдары арқылы енгізіледі. Бетперделік, эндотрахеялық, эндобронхиалдық деп аталатын түрлері бар;

  • ингаляциялық емес наркоз – наркоздық препараттар тыныс жолдары арқылы емес, көктамырға немесе бұлшық ет арасына егу арқылы жіберіледі.

3.Қолданылатын препараттардың санына байланысты:

  • мононаркоз – бір наркотикалық препаратты қолдану;

  • аралас наркоз – екі немесе одан да көп препараттарды қолдану;

  • құрама наркоз – операцияның әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық препараттарды және олармен қосарлап организмнің кейбір қызметтеріне айырықша әсер ететін препараттарды (миорелаксанттар, ганглиоблокаторлар, анальгетиктер) пайдалану. Соңғы аталған наркозды кейде көп компонетті анестезия деп те атайды.

4. Операцияның әр кезеңіне байланысты:
А) кіріспе наркоз – қысқа мерзімде әсер ететін, қозу фазасы болмайтын наркоз. Әдетте науқасты тез ұйықтату үшін, сонымен қатар негізгі анестетиктің мөлшерін азайту үшін қолданылады;
Б) қолдаушы (басты, негізгі) наркоз – операцияның басынан аяғына дейін қолданылатын наркоз. Негізгі наркозға басқа затты қосқан кезде ол наркоз қосымша наркоз деп аталады.
В) Базистік наркоз (базис – наркоз) – наркоздың жеңіл түрі. Бұл наркоз кезінде басты наркоз препараттарымен қоса бір мезгілде немесе оған дейін анестетик беріледі. Негізгі мақсат негізгі наркоз препараттарының мөлшерін азайту.
ОЖЖ-нің әртүрлі деңгейінің синапстық шоғырларының және
морфофункционалды жиналулардың наркозға арналған заттардың әсеріне сезімталдығы әр қалай. Наркозға арналған заттардың әсерлеріндегі белгілі кезеңдердің болуы осыған байланысты.

КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛІНЕДІ:


|-анальгезия сатысы;
||-қозу сатысы;
|||-хирургиялық наркоз сатысы.
1-деңгей (|||-1)-беткейлік наркоз
2-деңгей(|||-2)-жеңіл наркоз
3-деңгей(|||-3)-терең наркоз
4- деңгей –ояну




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет