Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


ІІ-ӨЖЖ-жасанды тыныс алдыруды ауыздан ауызға өткізу үшін



бет41/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

ІІ-ӨЖЖ-жасанды тыныс алдыруды ауыздан ауызға өткізу үшін көмек көрсетуші зардап шегушінің бүйір жағынан тұрып,бір қолымен мойын астынан бекітіп,екіншісін маңдайға қойып,басын артқа максииальды шалқайтады,1 және 2 саусақтармен мұрын қанаттарын қысып ұстап,тыныс алып,өзінің аузын зардап шегушінің аузына тығыз жанастырып,күшпен дем шығару керек.Үрленген ауа көлемі-500-700 мл дейін. Тыныс алу жиілігі-12-18 рет.Төменгі жақтың жарақатпен зақымдануында,ӨЖЖ ауыздан мұрынға әдісін жүргізу ұсынылады.Зардап шегушінің маңдайына қолды қойып,оның басын артқа шалқайтып,екінші қолмен төменгі жақты ұстап,жоғары жаққа тығыз қысып тұрып,ауызды жабады.Еріндерімен зарда шегушінің мұрнын қамтып,содан соң дем шығару.
ІІІ-жүрек массажы-тікелей емес және тікелей массажды ажыратады.Госпитальды кезеңге дейін тікелей емес массаж жасалады,бұл кезде жүрек төс пен омыртқа арасында қысылады.Манипуляция науқасты қатты жерге жатқызып немесе кеудесінің астына қалқан салып жүзеге асырылады. Алақандар бірінің үстіне бірі тік бұрыш жасап қойылады,оларды төстің 1/3 бөлігіне,семсер тәрізді өсіндінің төске біріккен жерінен 2 см жоғарырақ алшақтап орналастырады.8-9кг күшпен төсті басып,оны орнынан омыртқаға 4-5 см ге ығыстырады.
Тікелей массажын іске асыру үшін кеуде қуысын сол жақтан,4-қабырғааралықтан ашады.Қолды кеуде қуысына енгізеді,төрт саусақты жүректің төменгі бетіне жібереді,үлкен саусақты оның алдыңғы бетіне орналастырады.
ІV-дифференциалды диагностика,дәрі-дәрмектік терапия,жүрек дефибрилляциясы-тек реанимация бөлімшесінің мамандарымен жүзеге асырылады.Бұл кезеңде ЭКГ,тексеру,көктамыр ішіне немесе жүрек қуысына дәрілік заттарды енгізу:эпинефрин ерітіндісі,кальций хлорид ерітіндісі.Эпинефринді кеңірдектің шырышты қабатының сорып алу қабілетіне байланысты эндотрахеальды енгізеді.
55. Бас мийдың жарақаттары. Мидың шайқалуы, соғылуы. Клиникасы, диагностикасы, емі.
Бассүйек-мидың жарақаты-бұл құрамына бассүйек терісінің,бұлшықеттің,сүйектің,мидың,қантамырларының,бассүйек-ми нервтерінің механикалық зақымданулары кіретін ұғым.
Мидың шайқалуы-жиі кездеседі.Шайқалудың клиникалық белгісі,қысқа уақыттық(бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін) естің жоғалуы;ретроградты амнезия-жарақат алдындағы оқиғаның есте сақталмауы;жарақаттан кейін ертерек пайда болатын құсу болып табылады.Жүрек қантамыр қызметі өзгермейді.Естің қалпына келгеннен кейінгі накқас шағымдары: бас ауруы,бас айналуы,құлақтағы шу.Емді стационарда жүргізеді,мидың басқа да мүмкін болатын зақымдануын анықтау үшін науқасты бақылауды 10-12 күнге созады.Төсектік тәртіп 5-7 күндей,кейде тыныштандырушы,қантамыр кеңейтуші,антигистаминді препараттарды тағайындайды.Мидың ісіну көріністері болғанда дегидраиациялық терапияны жүргізеді.
Мидың соғылуы-милық заттың бүтіндігінің шектелген аймақта бұзылуымен сипатталады.Жеңіл дәрежедегі ми соғылуына 1 сағ.Дейін созылған естің жоғалуы,орта дәрежедегі ми соғылуында естің жоғалуы немесе тежелуі бірнеше сағатқа созылады,мидың жергілікті зақымдану белгілері,афазия,салданулар анық бейнеленеді. Ми соғылуының ауыр дәрежесінде естің жоғалуы мен тежелуі 1 тәулікке және одан да көпке созылады,мидың жергілікті зақымдану белгілері,мидың қабықтарының тітіркену белгілері айқын болады. Емі зақымдану ауырлығына байланысты.Жеңіл дәрежесінде төсектік тәртіп 2 апта бойына,орташа ауырлықтп 3 апта,ауыр дәрежеде 4 апта қажет.Емі консервативті,мидың шацқалуы сияқты дешидратациялық терапияны қамтиды,мениингиттің,энцефалиттің алдын алу үшін адтибактериалды заттарды қолдану.Диагностикалық мақсатта белдік пункцияны пайдаланады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет