Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Жарақаттық шок, патогенезі, клиникасы, емі, алдын-алуы



бет39/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

52.Жарақаттық шок, патогенезі, клиникасы, емі, алдын-алуы.
Жарақаттық шок-жұмсақ тіндердің ауқымды зақымдануында,жарақаттық токсикозда,сүйектер сынығында,ағзалардың жыртылуында,жаншылуында дамиды.Жарақаттық шок дамуында патогенетикалық фактор-ауырсыну болып есептеледі және микроциркуляция бұзылысы,тіндер гипоксиясы,жедел қантамыр жеткіліксіздігіне әкелетін қан жоғалту,тіндер ыдырауындағы уытты өнімдердің әсер етуі,калликреин-кинин жүйесінің белсенуі.
Шоктың эректильді фазасында болатын өзгерістер:өте қысқа фаза,жарақаттын соң бірден басталады,симпато-адреналды жүйенің қозуымен сипатталады.Тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт,пульс жиі,АҚ жоғары,науқас қозулы.
Шоктың торпидті фазасы: жалпы тежелу,АҚ төмен,жіп тәрізді тамыр соғысы.Торпидті фазасының клиникалық көрінісіне байланысты 4 дәрежесі бар:
І дәреже-ес сақтаулы,науқас аздап тежелген.САҚ 90мм.с.б дейн төмендеген.Терісі бозғылт,кейде бұлшықеттік діріл пайда болады.
ІІ дәреже-науқас тежелген. Тері жамылғы бозғылт,суық,жабысқақ тер бөлінеді.Тырнақ қойнауында цианоз айқын.САҚ 90-70 мм.с.б дейн төмен.ОВҚ төмендеген.
ІІІ дәреже-науқас жағдайы өте ауыр:ол қозғалыссыз,тежелген,ауырсынуға тітіркенбейді. Тері жамылғы бозғылт,суық,көкшіл түстес. Тыныс алуы беткей,жиі,кейде сирек.САҚ 70-50 мм.с.б төмендеген. Несеп бөлінуі тоқтайды.
ІV дәреже-преагональды жағдай:тері және шырышты қабаттары бозғылт,көкшіл түстес,тыныс алуы жиілеген,беткей,САҚ 50 мм.с.б немесе одан төмен.
Алғашқы көмек көрсету шаралары: қан кетуді тоқтату,тыныс алу жол-ң өткізгіштігін және өкпе-ң қалыпты желдетілуін қамтамасыз ету,ауру сезімін басу,алмастырушы трансфузионды терапия,сынықтарда иммобилизация.
Ауыр жарақаттық шок өкпе-ң қалыпсыз желдетілуімен жүреді,себебі-құсық массаларымен,қанмен,бөгде затпен аспирациялану болып табылады. Бұл кезде зардап шегушінің басын жанына бұрып,ауыз қуысын тазалайды. S тәрізді түтік қолдануға болады.
Сыртқы қан кетуді жгут салумен,зақымдалған қантамырды бойлап,басып,қысып тұрушы байламмен тоқтатады.Қан кетуді тоқтатумен қатар АҚК орнын толтыру керек. Бұл үшін шокқа қарсы қан алмастырушы ерітінділердә пайдаланған дұрыс:декстран(ор.Мол.массасы 50000-70000),желатин.Жарақаттық шокты емдеуде наркотикалық емес анальгетиктер тиімді,жиірек метамизол натрий(4-5 мл 50% ерітіндісі).Транквилизаторларды 1-2 мл 0,5% дозадағы ерітіндісін пайдалануға болады,мысалы:диазепам. Барлық препараттарды көктамыр ішіне енгізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет