53.Терминальды жағдайлар. Анықтамасы. Патогенезі. Клиникасы.
Терминальды жағдайлар - бұл барлық тіндердің (ең алдымен мидың) гипоксиясының жоғарылауына, ацидозға және метаболикалық өнімдермен улануға негізделген патологиялық және функционалдық өзгерістер.Негізгі патогенетикалық фактор метаболикалық процестердің анаэробты гликолизге ауысуымен жүретін прогрессивті гипоксия болып табылады. Компенсаторлық жүйелер іске қосылады, бұл ішкі резервтердің сарқылуын тудырады. Терминальды жағдайлардың 3 түрін ажыратады:преагональды жағдай,агония,клиникалық өлім.
1.Преагональды жағдай. Науқас есеңгіерген,айқын ентігу байқалады,тері жабыны бозғылт,цианотикалық,АҚ төмен немесе мүлде анықталмайды,пульс әлсіз және жиі.
2.Агония.Өлу үдерісінің терең сатысы,мұнда адам ес-түссіз,пульс жіп тәрізді немесе мүлде жойылады,АҚ анықталмайды. Тыныс алу беткей,жылдам,тырысулы немесе айқын тежелген.
3.Клиникалық өлім. Тыныс алу және қанайналым тоқтағаннан кейін бірден басталады. Бұл тіршіліктің өлімге ауысатын,3-5 минутқа созылатын өзіндіе жағдайы.Негізгі зат алмасу үдерістері күрт төмендейді және оттегінің болмауынан анаэробты гликолиз есебінен қамтамасыз етіледі. 5-6 мин соң қайтымсыз өзгерістер дамиды,бәрінен бұрын ОЖЖ-де және шынайы немесе биологиялық өлім туады.
54.Терминальды жағдайдағы реанимациялық жағдайдағы іс-әрекеттер. Реанимациялық іс-әрекеттердің тиімділігін бағалау.
Терминальды жағдайлардағы жүрек-өкпелік реанимацияның 4 кезеңі бар:
І-тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру:тыныс жолдарының өтімділігінің бұзылу себебі шырыш,қақырық,құсық массасының,қан,бөгде заттың болуы,тілдің тартылуы болуы мүмкін.Жарақаттанушыны қатты жерге арқасымен,басын бір жағына бұрып жатқызу керек,сол қолдың 1 және 2-ші саусақтарын айқастыра ұстап,аузын ашып,оң қолдың 2 және 3-ші саусақтарына оралған бет орамалмен ауыз қуысын тазарту.Басты артқа шалқайтқанда төменгі жақ тілдің түбірімен бірге ығысады,нәтижесінде тыныс жолдарының өтімділігі қалпына келеді.Бірінші кезеңде жүрек-өкпелік реанимация ауыздан ауызға,ауыздан мұрынға және ауыздан ауызға және мұрынға әдістерімен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |