Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


«Күйік» анықтамасы, терминологиясы, сілті мен қышқылдың күйігінің ерекшеліктері, сәулемен зақымдалу



бет47/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

70.«Күйік» анықтамасы, терминологиясы, сілті мен қышқылдың күйігінің ерекшеліктері, сәулемен зақымдалу.
Күйіктер-термиялық,химиялық,электрлік,сәулелік энергияның әсерінен тіндердің зақымдануы.Термиялық,химиялық,сәулелік,электрлік күйіктер ажыратылады.Хирургиялық аурулардың арасында күйіктер 2 пайыз құрайды,олардың ең көп бөлігін термиялық үлесіне тиесілі.
Кышкылдардын ауыр металдардын тұздарынын тіндерге әсері нәруыздардың ұюын шакырады, олардан суды тартып алып, коагуляциялык некроздын түзiлуiмен тығыз беткі кабыршақтың құрылуына әкеледі.
Сілтілердің концентрацияланған ерiтiндiлерi тiндерден суды тартып алып, нәруыздармен бiрiгiп, майларды сабындайды. Сiлтiлер қышқылдарга қарағанда тіндерге терең енiп, тiндердiн тереңірек зақымдануын шақырады. Некроздың мұндай түрi колликвациялык, ылғалды деп аталады. Бұл кезде түзiлген ақ қабыршақ жұмсақ, оның ажырауы кезiнде қан ағады.
Жайылған күйіктер кезiнде тiндердiң бұзылысының өнiмдерi сiңуiне байланысты интоксикациянын даму қаупi бар, сiңiрiлген уытты заттардың мөлшерi күйiк алаңына байланысты.Дамыған ылғалды некроз кезiнде тiндердiң гистологиялық көрiнiсi күйіктен кейін бірден өзгеріске ұшырамайды және қалыптыдан ерекшеленбейді. Содан соң ядролардын кариолизі және кариорексисі, соңынан ядроның және цитоплазманын ыдырауы қосылады. Коагуляциялық некроз кезiнде ядролардың гиперхроматозы және пикнотикалык өзгерiсi бiрден пайда болады. Беткi күйiктердiң патологиялық өзгерiсiнiң негiзiнде қабыну жатыр, ал тереңде - некроз.
Көлемді ауыр күйiктер кезінде күйік ауруының ерте сатысындағы ағзалардың патологиялық өзгерiстерi, шоктың басқа түрлерiнде байқалатын өзгерістерге ұксас-жаракаттық, геморрагиялық. Күйiктер көбінесе күкірт, тұз қышқылдарымен және натрий гидроксидiмен шақырылады. Химиялык күйiктер көбінесе шектелген болады. Химиялык куйiгi бар наукасты караган кезде закымданған терiнiн накты сызыкты шекарасы аныкталады. Көбінесе негiзгi аймактан кышкылдын немесе сілтінін шашырауы сал дарынан түзілген жолактар тарайды («агып түскен iз») немесе химиялык заттын шашырап түсуі салдарынан жеке шағын некроз дактары түзіледі. Кышкылдардың әсерінен тіндер сусызданады, коршаган закымданбаған терiнiн деңгейінен төмен орналаскан кургак кабыршак түзіледі. Егер куйiк кукiрт кышкылымен шакырылган болса, онда сұр, коңыр-сұр немесе кара түстегi кабыршак, азоттымен сары, тұздымен сұр-сары, сiркемен жасыл түстес түзiледi. Сілтінің әсер етуінен пайда болған ылғал некроз сұр түстегi коймалжын тәрiздi масса болады. Некроздын денгейi закымданбаған терiмен бiрдей не месе кейде оның үстінен iсiнiп тұрады. I және II дәрежедегі химиялык куйiктер беткіге, III және IV дәреже теренге жатады. I дәрежедегі күйігі бар наукастар ауырсынуға, күйдіру сезіміне шагымданады. Химиялык заттын әсер еткен жерiн караған кезде, шектелген гиперемиямен терiнiн шамалы iсiнгенi байкалады, ол әсіресе сiлтiмен күйген кезде бiлiнедi. Терiлiк сезімталдыктын барлык түрi сакталган, ауырсыну сезімталдығы өршіген. II дәрежелі күйік кезiнде беткі кургак (кышкылмен күйгенде) немесе сiлiкпе тәріздес - сабынды (сiлтiмен күйгенде) кабыршак аныкталады. Ол өте жұка, катпарга онай жиналады. Терен химиялык куйiктерде (II-IV дәрежеде) кабыршак тығыз және калын, катпарға алудын өзі мүмкін емес. Ол козгалмайды, сiлтiмен күйген кезде ылғал некроз турiнде және кұрақ кышкылмен күйгенде көрінеді. Сезімталдыктын барлык түрі болмайды. III және IV дәрежелі химиялык куйiктердi бiрiншi қарағанда ажырату мүмкін емес. III дәрежедегі күйікте терiнiн барлык кабаты некрозданады, IV дәрежеліде тереңде жаткан тiндердiн некрозы болып, сүйекке дейін жетеді. Тек 3-4-ші аптасында күйіктік кабыршактын сылынуы басталғанда, некроз терендігін анықтауға болады: егер тек некрозданган терi сылынса куйiк III дәрежелi, егер теренде жаткан тiндер болса, күйік – Ivдәрежелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет