Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет103/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200
Asyl-analar

 
 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
Мәдинаға 
қоныс аударғанда
Сафияның әкесі Хаййай ибн Ахтаб Мәдинада болатын. Ол өз 
тайпасының көсемі еді.
Сафия:
«Кішкентай кезімде әкемнің немере ағам Ясирмен сөйлесіп 
жатқанын естідім. Әкем одан: 
– Жіберілген пайғамбар осы ма? – деп сұрады. Немере ағам: 
– Иә, – деп жауап берді. 
– Оны қайдан білдің? – деп сұрады әкем. Ол: 
– Ишара етілген барлық белгілер сәйкес келеді, – деді. Әкем: 
– Енді қандай шешімге келдің? – дегенде, ол: 
– Оған өле-өлгенше қастық қылуға байлам жасадым, – деді. 
Мен бұлар айтып жатқан кісі пайғамбар болса, неге онда 
оны жек көреді деп ойладым», – дейді. 
Осы сәттен бастап Сафияның жүрегінде Аллаһтың елшісіне 
(с.а.с.) деген махаббат оянады. 
Олар үйленіп, Мәдинаға бірге оралады. Мәдина халқы 
мұсылмандардың үлкен жеңісі мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
жас сұлу Сафияға үйленгендігіне қуанышты еді. Үйленгеннен 
кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) Сафия өзінің Кинанаға тұрмысқа 
шыққанда алғашқы неке түні түс көріп, түсінде оған Айдың 
жылжып келіп, сәулесін шашқандығын, кейін ол түсін оянған соң 
күйеуіне 
айтқанда, 
ол 
бірдеңелерді 
шатып, 
жұдырық 
жұмсағанын, сол соққыдан жүзінде дақ қалғандығын айтқанда
Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған жаны ашып, аяушылықпен қарап
Мәдинаға қайтып келе жатқанда, Сафияның жол бойы неге 
өзінен алшақ жүргендігін сұрайды. Сонда Сафия: «Уа, Аллаһтың 
елшісі! Мен сен үшін қатты қорықтым, яһудилер біздің 
жанымызда еді, менің кесірімнен саған олардың зияны тимесе 
екен деп, сенен біршама алшақ жүрдім», – деп жауап қайтарады. 
Мұны естіген Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған сүйіспеншілікпен көз 
тастайды. 


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет