140
(яғни
ажырасып)
болған
соң,
мүміндер
асыранды
балаларының ажырасқан әйелдеріне (үйленуде)
ешбір
ыңғайсыздық көрмесін деп, сені (Зәйнәбқа)
үйлендірдік.
Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады»
1
.
Осылайша Аллаһтың қалауымен пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.)
Зәйнәбқа үйленеді. Бұл үкімге қатысты Айша анамыз:
«Егер Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір нәрсені жасыра алса, осыны
жасырар еді»
2
, – деген.
Зәйнәб бұл кезде отыз бес жаста еді.
Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) бұл әрекетінің астарында болашақта мұсылмандар
өздерінің өгей ұлдарының әйелдерін алуды өздеріне харам
етпесін деген даналық жатқан-ды. Зәйнәбті Пайғамбарымызбен
(с.а.с.) тұрмыс құру қатты қуандырады. Ол мұны мақтан тұта:
«Тұрмыс құруда менен бақытты кім бар? Өйткені менің
некемді жеті қат көк үстінен Мәртебелі Аллаһтың өзі қиған, ал
куә Жәбірейіл (аләйһис-сәләм)
болды», – дейтін.
Басқа бір риуаятта оның:
«Сендерді туыстарың үйлендірді, ал
мені Аллаһ жеті қат көктің үстінде үйлендірді»
3
, – дегені
айтылады.
Риуаят етілуінше, Аллаһтан Пайғамбарды (с.а.с.) Зәйнәбқа
үйлендіргені жайлы аят түскеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.)
оның үйіне барады. Зәйнәб анамыз жалаңбас отырған болатын.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
бұл ісіне таңғалып, абыржып қалады.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Аллаһ мені саған үйлендірді, – дейді.
Зәйнәб:
–
Уа, Аллаһтың елшісі! Туыссыз... куәсіз... қалай?! – дегенде,
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Сені маған Аллаһ қосты, ал куә – Жәбірейіл, – дейді.
1
«Ахзаб» сүресі, 37-аят.
2
Әл-Бұхари, Таухид: 22.
3
Әл-Бұхари, Таухид: 22.