біліп, оны сахабасы Мұхаммед ибн Мәсләмәға (Аллаһ оған разы
болсын) жібереді. Шайқаста яһудилер Ибн Мәсләмәнің бауырын
өлтірген-ді. Осының ызасымен ол Кинананы соққыға жығып,
оған кесілген үкімді орындайды.
Ал тұтқынға түскен әйелдер Аллаһ елшісінің (с.а.с.) азаншысы
Біләлдің (Аллаһ оған разы болсын) қарауында еді. Олар жылап,
бақырып-шақырып, айқайлап шу шығарумен болғанда, жалғыз
Сафия ғана үнсіз мұңайып, ішінен тынатын. Оның мөлдір
жанарынан аққан жас та білінер-білінбес-ті. Оның бұл халі
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көңілін аударады. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) Сафияның жанына таяп келіп, Біләлдан оны босатуын
сұрайды. Пайғамбарымызға (с.а.с.) Сафияның жүріс-тұрысының
қарапайымдылығы, түсінігі мен сабырлылығы ұнайды.
Әнәс ибн Мәліктің (Аллаһ оған разы болсын) айтуынша,
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сафиядан иманға келіп, өзінің әйелі болуға
қалай қарайтындығын, келіспесе, бостандыққа жіберетінін
айтқанда, ол:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Әрине, қалаймын, тек егер Аллаһ пен
Ислам маған ол үшін ерік берсе. Яһудилікте мен үшін мақсат
жоқ. Онда мен үшін әке де, бауыр да қалмады. Маған иман мен
күпірдің арасына таңдау тастадың. Мен Исламды сен үйленуге
ұсыныс жасамай тұрып-ақ қабылдағанмын. Аллаһ пен Оның
елшісі маған бостандыққа шығып, қауымыма оралғанымнан
жақсырақ», – деп жауап береді.
Үйленгеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:
– Аллаһ өлтіргенше әкең маған яһудилердің ішіндегі ең
қаскөйі болып өткен еді, – дегенде, Сафия:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһ кітабында: «Ешкім басқаның
күнәсін көтермейді»
1
деген ғой, – дейді. Аллаһ оған разы
болсын!
1
«Исра» сүресі, 15-аят.
130
Достарыңызбен бөлісу: |