Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет104/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200
Asyl-analar

 
 
Мәдинаға кіргенге дейін олар (Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен 
Сафия) шымылдықты күймеде болады. Екеуі бірге түнегенде, 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабасы Әбу Айюб Халид ибн Зәйд 
(Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымызды (с.а.с.) таң атқанға 
дейін бақылап, қарауылдаумен жүреді. Таңертең Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) одан неге өздерін күзеткендігін сұрағанда, Әбу Айюб: 
Уа, Аллаһтың елшісі! Мен, шынында, сен үшін қатты 
қауіптендім. Бұл әйел саған зиянын тигізуі мүмкін еді, сен оның 
күйеуі мен тайпаластарын өлтірттің емес пе? – дейді. 
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.):
Ей, Әбу Айюб! Мені осы түні күзеткеніңдей, Аллаһ 
рақымымен сені де, басқа мұсылмандарды да яһудилердің 
зұлымдығынан сақтасын, – деген
1

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұлайша дұға қылуының себебі
яһудилер Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен мұсылмандарға небір 
зұлымдықтар істейтін. Бірде Зәйнәб Харисқызы деген яһуди әйел 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына қойдың піскен етін әкеліп
дастарқан жасайды. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
қасында тағы бір сахаба отырған еді. Әкелген етті сахаба жей 
бастайды, ал Пайғамбарымыз (с.а.с.), әйтеуір, жегісі келмейді. 
Етті жеген сахаба сол жерде-ақ жантәсілім етеді. Кейін Зәйнәбтан 
неге Аллаһ елшісін (с.а.с.) улап өлтіргісі келгендігін сұрағанда, 
ол: «Мен сенің пайғамбарлығыңның ақиқаттығын тексергім 
келді, егер сен шын мәнінде пайғамбар болмай, етті жегеніңде
біз сенен құтылар едік», – деп жауап береді. 
Дегенмен де Сафия Зәйнәб сияқты емес еді. Иманды, 
тақуалығы сондай, оның жүрегі иман мен Ислам нұрына толы 
болды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Сафиямен Мәдинаға жеткенде, оны өз 
үйіне апармастан сахаба Харис ибн Нуғманның (Аллаһ оған разы 
болсын) үйіне түсіреді. Сафияны көруге мүміндер аналарының 
1
Ибн Сағд, Табақат: 121-123. 


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет