126
–
«Субханаллаһи уә бихамдиһи, ъадәдә халқиһи, уә ридаа
нәфсиһи, уә зиинәтә ъаршиһи, уә мидәдә кәлимәтиһи», – деп
бірнеше рет қайтарсаң, таңның атысынан түс әлетіне дейін
тәсбих айтып отырғаныңнан жақсы, – деген
1
.
Жуәйрия Пайғамбарымыздан (с.а.с.) ислами тәлім-тәрбие
алады,
оны мұқият тыңдап, іс-қимылдарынан көз жазбайды.
Оның иманы күннен-күнге болаттай берік құрыштана түседі.
Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көмегімен Құран оқуды және
оның тәпсірін жетік меңгереді, одан естіген сөздерін мықтап есте
сақтап, оларды өмірінің үлгілі бастауы етеді.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін Жуәйрия одан естіген
барлық хадистерін келер ұрпаққа жеткізеді.
Оның есімі хадисті
риуаят етуші ірі тұлғалардың арасында жиі кездеседі.
Жуәйрия ұзақ ғұмыр кешеді. Халифа Әбу Бәкір мен Омар ибн
әл-Хаттабтың кезіндегі Исламның өркендеп,
өрлеуінің және
халифалар Осман ибн Аффан мен Әли ибн Әбу Талиб,
Муғауияның (Аллаһ оларға разы болсын) кезіндегі уақиғалардың,
сонымен қатар Ислам мемлекеті
астанасының Дамаскіге
көшірілуінің куәсі болады.
Жуәйрия Харисқызы 70 жас шамасында һижра жыл
санауымен 56-жылы дүниеден өтеді.
Оның жаназасын Маруан ибн Хакам шығарған. Оның денесі
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері жерленген Бақиғ қорымына
қойылады.
Аллаһ елшісімен (с.а.с.) қиылған
некесі көп адамдардың
Аллаһ тағаланы тануына себепкер болған мүміндердің анасы
Жуәйрия Харисқызы Аллаһтың рақымына бөленсін!
Айша (Аллаһ оған разы болсын):
«Мен қауымына Жуәйриядан
көбірек берекелі (пайда әкелген)
әйелді білмеймін»
2
, – деген.
Мүміндердің анасы – Жуәйрияға Аллаһ разы болсын!
1
Муслим, Зикр: 79; Ахмад, Муснад: 6/324.
2
Ибн Һишам, әс-Сира: 408-409.