Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет109/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200
Asyl-analar

 
 
Зәйдтің Пайғамбарымызды (с.а.с.) таңдауы Исламнан бұрын 
болған еді. 
Сонан соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдтің қолынан жетектеп 
жұрт алдына шығарып: 
– Куә болыңдар, Зәйд – менің балам! – деп жариялайды. 
Сол күннен бастап Зәйд «Зәйд ибн Мұхаммед» (Мұхаммедтің 
ұлы Зәйд) деп аталып кетеді. Зәйд Әли ибн Әбу Талибтен (Аллаһ 
оған разы болсын) кейінгі Исламды қабылдаған алғашқы бала
Аллаһ оған разы болсын. Зәйд әрдайым Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жанында жүріп, оның қолында тәлім алады, сүйікті шәкірт 
атанады. Уақыты жетіп Зәйдтің үйленетін кезі де келеді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған өзінің туыс әпкесі Умәйма бинт 
Абдулмутталибтің қызы Зәйнәб Жахшқызын таңдайды. 
Ол кездерде қызды тұрмысқа берерде күйеу жігіттің шыққан 
тегіне көп көңіл аударатын, егер текті қыз құлға тұрмысқа шықса, 
бұл бетке салық, сүйекке таңба еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
Зәйнәбті әдейі таңдауындағы мақсаты адамдарды әлгіндегідей 
қалыптасқан түсініктен айыру-тұғын. Сонымен қатар адамға 
тегіне қарап баға бермеу керектігін ұғындыру болатын. 
Зәйнәб текті атадан шыққан сұлу қыз еді. Бойжеткен соң оны 
құрайыштың «мен» деген жігіттері айттырып келе бастайды. 
Бірақ бірде Зәйнәб нағашысы Пайғамбарымызбен (с.а.с.) 
ақылдасқысы келіп, оған сіңлісі Хамнәні жібереді.
Хамнә Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: 
– Зәйнәбқа кімді таңдар едің, уа, Аллаһтың елшісі, – дегенде, 
ол кісі (с.а.с.): 
Оған Аллаһ тағаланың кітабы мен Оның елшісінің 
сүннетін үйретуші біреуді айтсам ше? – дейді. 
Хамнә: 
– Кім ол, уа, Аллаһтың елшісі? – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
Зәйд ибн Хариса, – дейді. Хамнә ашудан жарылардай 
булығып: 


138
 
 
Зәйд ибн Хариса?!. Уа, Аллаһтың елшісі, жиен 
қарындасыңды босаған құлыңа қосасың ба?! – дейді. 
Зәйнәб бұл әңгімені естігенде, Хамнәдан бетер ашуланады. Ол 
Зәйдке тұрмысқа шығуына Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі араға 
түскеніне қарамастан, бұл ұсынысқа келісім бермей қарсылық 
көрсетіп:
«Мен ешуақытта Зәйдке тұрмысқа шықпаймын!» – дейді. 
Міне, осы кезде Аллаһ тағала елшісіне (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет