– Ей, Умму Хабиба! Мен христиан дініне өттім, – деді.
Ал мен оған:
– Маған сенші, онда ешқандай жақсылық жоқ, – деп көрген
түсімді айтып бердім. Ол мән беріп құлақ та салмады. Сол бойы
өмірден өткенше ішкілікке салынумен болды», – дейтін.
Рамлә бөтен елде, қиын жағдайларда қызын жалғыз өзі
тәрбиелейді. Жат топырақта қолындағы сәбиімен қалып,
қиыншылықтан шығар жол таба алмай қиналған кезде, әкесі
христиан болып өлген кішкентай Хабибаға көзі түссе, жанарлары
еріксіз жасқа толатын. Ол өте ауыр сынаққа түсті. Қызын алып
Меккеге қайтқысы келгенімен, онда оны шеттету мен негізгі
құндылығы болып табылатын сеніміне қысым күтіп тұр еді.
Әйтсе де Рамлә Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) деген берік
сенімі мен өзінің күшті ерік-жігерінің арқасында бұл
қиындықтарды жеңіп шығады.
Аллаһ тағала оны сабырлылығы үшін:
«Кім Аллаһтан қорықса, (Аллаһ) оған шығар жол береді
және оны (оның өзі) ойламаған жерден ризықтандырады. Кім
Аллаһқа тәуекел қылса, Ол оған жеткілікті»
1
, – деген аятына
сай «мүміндердің анасы» дәрежесімен марапаттайды. Бұл сый
Рамләға басынан өткерген қайғы ауыртпалығынан кейін үлкен
қуаныш еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Рамлә анамызбен өзінің қатысуынсыз
Нажашиді уәкіл етіп, Эфиопия жерінде некелеседі. Рамлә жақтан
уәкілдікке туыс бауыры Халид ибн Сағид жүреді. Нажаши оны
мен Пайғамбардың (с.а.с.) үйленуіне тарту ретінде Эфиопия
топырағында үлкен той жасайды.
Һижра жыл санауымен 6-жылы Эфиопияға қоныс аударған
мұсылмандар Жағфар ибн Әбу Талибтің (Аллаһ оған разы
болсын) басшылығымен Ислам орталығына айналып үлгерген
Мәдинаға оралуға бел байлайды. Олар ұзақ жолды артқа тастап,
1
«Талақ» сүресі, 2-3 аяттар.
148
Достарыңызбен бөлісу: |