оларға қарақшылар тобы кез келіп, Зәйдті тартып алып кетеді.
Олар Зәйдті құл базарларының бірінде сатып жібереді. Ал оны
сатып алған құрайыштық Хаким ибн Хузам ибн Хуайлид әл-
Әсәди деген саудагер еді. Хаким ибн Хузам Хадиша анамыздың
аталас бауыры еді. Хаким саудадан оралған соң, оны Хадиша
зиярат етіп келеді. Ол Хадишаға сыйлық ретінде сатып алып
келген құлдарының бірін таңдауын ұсынады. Хадиша Зәйдті
таңдап, оны үйіне алып келеді. Кішкентай Зәйд Мұхаммед (с.а.с.)
пен Хадишаның үйінде тура бір өз үйінде, тіпті әкесі мен
анасының жанында жүргендей күн кешеді. Екеуінен көрген
мейірімнің арқасында Зәйд оларға қатты бауыр басып кетеді.
Өйткені олар Зәйдтан жылуларын аямаған-ды. Күндер зымырап
өтіп жатады. Зәйд ержетіп те қалады. Ол Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жанынан бір елі қалмайтын. Осы кездерде Зәйдтің
туыстары оған іздеу салуда еді. Оның құл болып сатылғанын, дәл
қазіргі уақытта Мұхаммед ибн Абдуллаһтың үйінде екендігін
естиді. Сөйтіп, олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйіне келіп,
ұлдарын қайтаруын әрі оның өз туыстарының арасында
бостандықта өмір сүруін қалайтындарын айтады. Мұхаммед
(с.а.с.) таңдау еркін Зәйдтің өзіне беріп, кімді қаласа, сол жақта
қалсын деген ұсыныс тастайды. Зәйдтің туыстары бұл ұсынысқа
қуана келіседі. Олар Зәйдтің өздерін таңдайтындығына сенімдері
кәміл еді. Бірақ Зәйд әкесіне Мұхаммедтен (с.а.с.) басқа ешкімді
таңдамайтындығын жеткізеді.
Хариса күтілмеген жауапқа қайран қалып:
– Зәйд, сен әкең мен шешеңді, руыңды құлдыққа
айырбастадың ба?! – дейді.
Зәйд бірден:
– Мен Мұхаммедтің қандай адам екенін жақсы білемін.
Ешуақытта, ешқашан одан айырылмаймын. Мұхаммедте
құлдықта болу, басқа қандай да бір адаммен бірге бостандықта
болудан жақсы, – деп жауап береді.
137
Достарыңызбен бөлісу: |