Сендерге Аллаһтың елшісіне азар беруге және одан кейін
оның әйелдеріне үйленуге болмайды. Өйткені бұл Аллаһтың
алдында зор (күнә болып есептеледі)»
1
.
Осы күннен бастап мүміндердің аналары туыстарынан
басқалармен шымылдық артынан сөйлесуге көшеді.
Зәйнәбтің
Аллаһ
елшісіне (с.а.с.)
үйленуі
осындай
ерекшеліктерге толы болған еді. Исламның дұшпандары бұл
некені сөз етіп: «Мұхаммед адамдарға ұлдарының әйелдеріне
үйленуге тыйым салып, өзі ұлынан ажыраған әйелге үйленді», –
дейтін. Олар Зәйдтің Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өкіл баласы екенін
жақсы білетін.
Кәпірлердің алып-қашты жел сөздеріне жауап ретінде Аллаһ
тағала: «Аллаһ Пайғамбарға парыз (яғни халал) еткен
нәрселерде күнә болмайды. (Бұл) – ілгеріде өткендерге
(бекіткен) Аллаһтың жолы. Аллаһтың бұйрығы – бекітілген
бір үкім. Олар – Аллаһтың жолдауын жеткізіп, Одан
қорыққандар және Одан басқа ешкімнен қорықпағандар.
Аллаһ есеп алуда жеткілікті»
2
, – деген.
Сонымен қатар адамдардың есімі өз әкелерінің атымен
аталуын ескертіп: «Аллаһ сендерге өкіл балаларыңды өз
балаларың еткен жоқ. Бұл – ауыздарыңмен айтылған
сөздерің ғана. Аллаһ шындықты айтып, Өзі тура жолға
бастайды. Оларды (яғни өкіл немесе асыранды балаларыңды) өз
әкесінің (атымен) атаңдар. Бұл Аллаһтың қасында ең әділі.
Егер әкесін білмесеңдер, онда олар – сендердің діндегі
бауырларың әрі жақын достарың»
3
, – деген Өз уахиын
жібереді.
1
«Ахзаб» сүресі, 53-аят.
2
«Ахзаб» сүресі, 38-39 аяттар.
3
«Ахзаб» сүресі, 4-5 аяттар.
143
Достарыңызбен бөлісу: |