Асыл аналар


«Жаннатқа кіріп, Зәйд ибн Амрды көрдім»



Pdf көрінісі
бет166/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   200
Asyl-analar

«Жаннатқа кіріп, Зәйд ибн Амрды көрдім», – дейді
1

Бұл хадис Зәйд ибн Амрдың өзі пұтқа табынушылық дәуірінде 
өмір сүрсе де, жаннаттық екенін білдіреді. Өйткені ол ата-
бабасының пұт-мүсінге табынатын дініне ілеспей, ақиқат іздеп 
жер бетін шарлаған-ды. Хақ дінді іздеу мақсатымен ол христиан 
дінінің өкілдеріне келіп, бұл дін жайлы сұрастырады. Олар:
«Бұл дінге кірем десең – кір, бірақ біраз адасуға тап боласың», 
– дейді.
Зәйдтің көңілі толмай:
«Мен өзім адасушылықтан қашып жүрмін», – деп кетіп 
қалады. Сосын дәл осы мәселемен яһуди дінбасыларына келіп, 
олардың діндері жайлы сұрастырады. Олар:
1
Ибн Кәсир, әл-Бидәя: 2/262; Ибн Хажар, Фатхул-бәри: 14/301. 


221
 
 
«Бұл дінді қабылдаймын десең, ерік өзіңде, алайда сен біраз 
Аллаһтың ашуына ұшырайсың», – дейді. Бұл дін де Зәйдтің 
көңілінен шықпай:
«Мен өзім Аллаһтың ашуынан қашып жүрмін. Одан да маған 
Аллаһтың разылығына жететін дінді нұсқаңдар», – дейді. Оған 
бір ынсапты адамдар:
«Онда саған Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) таза дінінен басқа 
дін сай келмейді», – деп кеңес береді. Сол тұстағы арабтар:
«Біз бабамыз Ибраһимнің дініндеміз», – дей тұра, бұл тура 
жолға пұт-мүсіндер ғибадатын араластырып, ақиқаттан адасқан 
болатын. Зәйд:
«Ибраһимнің таза діні қандай? Қалай ғибадат етеді, қайтіп 
намаз оқиды? Шариғаты не?» – деген сұрақтар береді. 
Кеңесшілер:
«Бұл діннің жөн-жоралғылары ұмыт болған. Бізде ол жайлы 
мәлімет жоқ», – деп жауап қайтарады. Зәйд сол кезде:
«Аллаһым! Өзің куә бол! Мен Ибраһимнің таза дініндемін», – 
деп иман келтіреді. Сосын ол Шам шаһарынан Меккеге қайтып 
келе жатып жол бойы иіліп сәжде қылып:
«Раббым, мен Өзіңе қалай ғибадат етуді білмеймін. Менен 
қабыл ал», – деумен болады. 
Ибн Амр Меккеге келген соң құрайыштарды Аллаһтың 
бірлігіне шақырып, оларға өз білгенінше таухидті үйретуге 
тырысады. Әдетте құрайыштар қажылық не умра кезінде: 
«Ләббәйка аллаһумма, ләббәйк. Ләббәйкә, лә шәрикә ләкә
ләббәйк. Иннәл-хамдә уән-ниғмәтә, ләкә уәл-мулк, лә шәрикә 
ләк» (Біз құзырыңдамыз, уа, Аллаһ, біз құзырыңдамыз! Сенде 
серік жоқ. Мадақ пен нығмет және патшалық Саған тән. Сенде 
серік жоқ), – деген сөзге «лә шәрикә ләкә иллә шәрикән һууа ләк, 
тәмликуһу уә мә мәләк» (Сенде Өзіңе ғана тән болған серіктен 
басқа серік жоқ. Сен оған және оның иелігіндегіге иелік етесің), – 
деп қосатын. Ал Зәйд ибн Амр осы ширк сөздерінен адамдарды 
қайтарып:


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет