ағасы Уәлид ибн Абдул-Мәлик те айтулы адамдардан болған.
Десе де, ол ел басқаруда әділдікті сақтамай, халыққа біраз зәбір-
жапа көрсеткен. Уәлид Һижра жыл санағы бойынша 96-жылы
қаза тапқаннан кейін халифалықты Фатиманың тағы бір ағасы
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик иеленеді. Сүлеймен Уәлидке
қарағанда, елге жайлы, әділ, саясат ісіне жетік тұлға еді.
Сүлейменнің әділ жолды ұстануының бір айғағы оның әділетті
халифалардың қатарынан саналатын Омар ибн Абдул-Азизді
өзіне уәзір әрі кеңесші етіп алуынан байқалады.
Фатиманың әкелері бір, шешелері бөлек он алтыға тарта ағасы
болған. Ал Фатима анасынан жалғыз еді. Әкесі Абдул-Мәлик ибн
Маруан бұл қызын қатты жақсы көріп, бауырына басып, оның
тәрбиесіне баса назар аударған. Содан да болса керек, Фатима
кішкентайынан ғалымдардың тәрбиесінде тәлім алып, Құран,
хадис, фиқһ, поэзия, әдебиет ғылымдарын жетік меңгеріп өседі.
Оған қоса Фатима хас сұлулардың бірі-тұғын. Мысырдың уәлиі
Омар ибн Абдул-Азиздің әкесі Абдул-Азиз дүниеден қайтқанда,
оған немере іні саналатын Абдул-Мәлик ибн Маруан оның
баласы Омарды Дамаскіге шақыртып өз қолына алады. Омар ибн
Абдул-Азиз
осылайша
жастайынан
халифа
сарайында
тәрбиеленіп есейеді. Ержеткен Омарға халифа Маруан қызы
Фатиманы қосады және ол Омар ибн Абдул-Азиздің қызына
күйеу болғанына қатты қуанады. Халифаның қызына үйленген
Омар еш нәрседен таршылық көрмей, сән-салтанатта өмір сүреді.
Арада біршама уақыт өтіп, Абдул-Мәлик дүниеден қайтқанда,
оның орнын ұлы Уәлид ибн Абдул-Мәлик иеленеді де, Омар ибн
Абдул-Азиз Мәдинаның уәлиі болып тағайындалады. Сол кезде
Омардың жасы бар-жоғы жиырма бесте болатын. Омар ибн
Абдул-Азиз Мәдина жеріне әділдік орнатып, тез арада халықтың
сүйіспеншілігіне бөленіп үлгереді. Мәдина халқы оны қатты
жақсы көріп, құрметтейтін. Омар өте тақуа, ғибадатшыл еді және
ол сұлулықты ұнататын. Жүрісі паң, киімдері қымбат бағалы,
әтірінің иісі алыстан сезілетін сырбаз кісі еді. Тіпті сол кездерде-
232
Достарыңызбен бөлісу: |