Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет167/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Сенде серік жоқ» деген жерде тоқтаңдар», – дейтін. 
Осындай Исламның келуінен бұрын таухид орнаған 
отбасында жаннатпен сүйіншіленген ондықтың бірі – Сағид ибн 
Зәйд (Аллаһ оған разы болсын) пен біз әңгіме етейін деп отырған 
Атика дүниеге келеді. Атика жастайынан ағасы мен жеңгесінің 
қолында тәрбиеленіп, олардан ислами тәрбие алып, иман 
келтіреді. Атиканың жеңгесі, Сағид ибн Зәйдтің әйелі – Омар ибн 
әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) қарындасы Фатима 
Хаттабқызы болатын. Омар Фаруқтың Исламға кіру тарихында 
айтылатын оның қарындасы мен күйеу баласы – осы кісілер-
тұғын. 
Сағид өз отбасымен Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін 
бойжеткен Атиканы көптеген белгілі адамдар айттырып келе 
бастайды. Атикаға алғаш сөз салғандардың бірі – Әбу Бәкірдің 
ұлы Абдуллаһ (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) болатын. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір Мәдинаға қоныс аударған 
шақта, екеуі Саур үңгірінде жасырынып жатқан кезде азық-ауқат 
жеткізіп, хабар әкелетін Әбу Бәкірдің осы ұлы еді. Абдуллаһ та 
сұңғақ бойлы, келісті жігіт еді. Атика келісімін беріп, екі жас бас 
қосып, шаңырақ көтереді. 
Атика мен Абдуллаһтың арасында үлкен сүйіспеншілік орын 
алып, бұл сүйіспеншілік оларды кейбір дүниелік және ақыреттік 
істерден тоса бастайды. Абдуллаһ сауда істеріне араласуды
жиһадқа шығуды қояды, көбіне-көп уақытын әйелімен бірге 
өткізуге тырысатын. Олар Әбу Бәкірдің қолында тұратын. Әрине, 
әке баласының мұнысын байқап жүрсе де, кеңшілік танытып 
үндемейтін. Бір күні Әбу Бәкір жұма намазына шығып бара 
жатып, ұлы Абдуллаһтың намазға әзірленбеген күйде әйелінің 
бөлмесінде отырғанын байқайды. Бірақ үндемей үйден шығып 
кетеді. Жұма намазы оқылып болған соң үйіне келсе, ұлы әлі 
әйелінің бөлмесінде отыр екен. Әбу Бәкір баласын шақырып:
«Ей, Абдуллаһ! Жұма намазын оқыдың ба?» – дейді. Абдуллаһ 
абдырап: «Жұма намазы оқылып қойды ма?» – деп таңырқайды. 


223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет