Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет168/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   200
Asyl-analar

 
 
Әбу Бәкір ашуланып: «Енді сені намаздан да тосты ма? Оны 
талақ қыл», – деп бұйырады. 
Абдуллаһ сүйген жарын қимаса да, өзінен үлкен ағаттық 
кеткенін түсініп, әкесінің сөзімен Атиканы талақ қылуға мәжбүр 
болады. Әйтсе де әйелімен айырылысқан күннен бастап ол 
есеңгіреп, сүлесоқ күй кешіп қалады. Оның Атикаға деген 
сағынышы күннен-күнге арта түседі. 
Әбу Бәкір бұл бұйрығымен үлкен сүйіспеншіліктегі махаббат 
иелерін ажыратқысы келген жоқ, ниетінде мұндай нәрсе мүлдем 
болмаған да еді. Ол тек бұл жастарға өмірлік сабақ танытатын бір 
ғибрат көрсеткісі келген-ді. Абдуллаһтың әлгіндегідей іс-
әрекеттері, дініне тосын келіп жатқан соң ғана әкені осылай етуге 
мәжбүрлейді. Әрбір мұсылман әке немесе ана өз перзентіне тек 
жақсы нәтиже әкелетін, оның пайдасына шешілетін нәрсені 
істейді емес пе?! Тақуалықтың шыңына шыққан Әбу Бәкірдей 
мұсылман әкелер Аллаһтың әмірін барлық нәрседен, соның 
ішінде перзент көңілінен жоғары қойған-ды. 
Бір күні Әбу Бәкір түн ортасында үйдің шатырына шығып
таһажжуд намазын оқиды. Намазын аяқтаған соң, шатырдың 
арғы бұрышынан естіліп жатқан дауысқа құлақ түреді. Қараса, 
ұлы Абдуллаһ әйелін сағынып, оған жыр жолдарын арнап жатыр 
екен. Табиғатынан көңілі жұмсақ Әбу Бәкір ұлының бұл халін 
көріп, оған жаны ашып кетеді. Сосын Абдуллаһты шақырып 
алып: «Әйеліңді қайтарып ал», – дейді. Абдуллаһтың қуанғаны 
сондай, қызметкер құлын шақырып: «Сен Аллаһтың дидары үшін 
азатсың», – деп, оған бостандық береді. Міне, бұл – сол кездегі 
сұлулықты 
бағалап, 
сүйіспеншілікті 
қадірлей 
алатын 
мұсылманның көрінісі-тұғын. 
Осылайша Атика өзінің сүйікті күйеуіне қайта оралып
жүректер жай тауып, көңілдер орнығады. Сөйтіп, отбасы қайта 
өзінің бұрынғы ыстық сезімге толы қалпына кіреді. Бірақ бұл 
жолы олардың сезімдері Аллаһтың әмірлерін орындауға кедергі 
болмады. Абдуллаһ жиһад істеріне араласып, Меккені алу 


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет