218
«Жаннаттық әйелге үйленгісі келген адам Умму Айманға
үйленсін», – дейді
1
.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұл ұсынысын Зәйд ибн Хариса қабыл
алып, Умму Айманның жасы өзінен әлдеқайда үлкендігіне
қарамастан, онымен шаңырақ көтереді.
Арада біраз уақыт өткеннен
кейін мұсылмандар Мута
жорығына аттанып, осы ұрыста Умму Айманның ержүрек арысы
Зәйд ибн Хариса ерлікпен қаза тауып, шәһид болады. Күйеуінің
өліміне ақылды да байсалды Умму Айман сабырлылық танытады.
Ол қандай жағдай болсын Аллаһтың елшісі (с.а.с.) алып
келген ақиқат үшін, Ислам үшін бәріне де төзіп бағатын. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) мен Умму Айманның арасында ана мен баланың
махаббатындай бір-біріне жіпсіз байланған ыстық ықылас пен
мейірімнің лебі әрқашан есіп тұратын. Ол Пайғамбар (с.а.с.)
қуанса – қуанатын, мұңайса – мұңаятын.
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
мазасы кетіп сырқаттанып
жылаған кішкентай сәбиді қолына ұстап тұрып, жаны ашығаны
соншалық, көздеріне жас алады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
жылағанын көрген Умму Айман оған қосылып жылайды. Оның
мұнысына Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Аллаһ елшісі жаныңда емес пе? Сен неге жылайсың? –
дейді. Сонда Умму Айман:
–
Аллаһ елшісі жылап тұрғанда, мен қалай жыламайын, – деп
көз жасына ерік берген екен
2
.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) өмірінің соңына дейін Умму Айманды
назарынан тыс қалдырған емес.
Көзі тірісінде ылғи да хал-
жағдайын сұрап, жиі зиярат ететін.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін бірде Омар
ибн әл-Хаттаб Әбу Бәкір Сыддыққа (Аллаһ ол екеуіне разы
болсын) келіп:
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/224.
2
Ибн Сағд, Табақат: 8/225.