Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет179/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   200
Asyl-analar

 
 
мұсылмандардың ортақ қазынасына өткізгін, бұл нәрселер оларға 
тиесілі», – деп оның үстіне қарап:
«Мына киімдерді де мұсылмандардың қазынасына тапсыр
бұлар сенікі емес. Менің олардың халал екендігіне күмәнім бар», 
– дейді. Фатима күйеуінің айтқанын екі етпей оның барлық 
бұйрығына бойсұнып, өзінің бар мал-мүлкін, бұйымдарын, 
қымбат бағалы киімдерін мұсылмандардың ортақ қазынасына 
өткізіп, күйеуінің талабына сай өмір сүруге көнеді. Кейіннен 
Омар ибн Абдул-Азиз дүние салғаннан кейін халифа тағына 
отырған Язид ибн Абдул-Мәлик Фатиманың қазынаға салған бар 
мал-мүлкін өзіне қайтарғысы келгенде, Фатима оларды алудан 
бас тартады. Ол бұйымдарын қайтарып алмаған соң, Язид оларды 
умәуилер шаңырағына тиесілі әйелдерге таратып береді. 
Тақуалыққа, тәркі дүниелікке шақырған күйеуіне мүлтіксіз 
бойсұнған Фатиманың өмірінде келер ұрпақ үлгі-өнеге 
аларлықтай осындай ғибрат белестері көп болады. Өмір бойы 
зәредей таршылық көрмеген, көзін ашқалы молшылықта күн 
кешкен Фатима бар мүліктен бас тартып, тақуалықты таңдап
қандай жағдайда да күйеуіне бойсұнып, оған өмір бойы серік 
болуды жөн көрген. Ол қаламағанның бәрінен теріс айналған. 
Нағыз мұсылман әйелінің бейнесі осындай. 
Бір күні Омар ибн Абдул-Азиз үйіне кірсе, әйелі Фатима 
киімін жамап отыр екен.
Омар оған: 
– Сүлейменмен бірге жүрген күндеріміз есіңде ме? – дейді. 
Фатима: 
– Иә, есімде. Бірақ бүгінде сен ол күндерге қарағанда құдіретті 
емессің бе? – дейді Омарға. 
Бұл сөзімен Фатима: «Ол кездерде сен уәзір едің. Сонда да біз 
молшылықта едік. Ал бүгінде халифасың. Қалай өмір сүрем 
десең де, еркің өзіңде емес пе», – дегенді меңзейді. 
Сол кезде Омар: 


237
 
 
– Ей, Фатима! Мен Раббыма күнәкарлық қылуға ұлы Күннің 
азабынан қорқамын, – деп жауап береді. 
Оның бұл сөздерінен әсерленген Фатима көзіне жас алып, 
күйеуі үшін Аллаһқа жалбарып:
«Аллаһым! Оған тозақ отынан пана бол», – деп дұға қылады.
Халифаның отбасы бола тұра, олар осындай жоқшылықта өмір 
сүреді. Дамаскінің суықтарында бой жылытар жамылғы 
таппағандарын былай қойғанда, кей кездері Фатима жүрек 
жалғауға ештеңе таппай, аштықтан ішегі шұрылдайтын күндерді 
де басынан өткізетін. Ол осылай абыржыған кезде:
«Біз бен халифалықтың арасы Шығыс пен Батыстың 
қашықтығындай. Аллаһтың атымен ант етейін! Бізге халифалық 
келгелі бері қуаныш көріп, қабағымыз ашылмады», – дейтін. 
Бірде қызметкері кіріп, Фатимадан тамақ сұрайды. Фатима 
оған бұршақ ұсынғанда, қызметшісі:
«Күнде бұршақ жейміз бе?» – деп назаланады. Оның бұл 
қынжылысына Фатима: «Балам-ау, сенің қожайыныңның да 
тамағы осы ғой...» – деген екен. 
Сондай-ақ Фатиманың алдына бір әйел кіріп, оның үстіндегі 
әбден тозығы жеткен киімді көріп: 
– Ей, Фатима! Мұсылман әйел күйеуіне сәнденуі керек емес 
пе?! – дейді. 
Сонда Фатима: 
– Әйел күйеуіне ол ұнататын нәрсемен сәндене ме, жоқ 
ұнатпайтын нәрсемен сәндене ме? – деп сұрайды. 
Әлгі әйел: 
– Әрине, күйеуі ұнататын нәрсемен сәнденеді, – дейді. 
Сол кезде Фатима: 
– Ол осыны ұнатады, – деп айтқан. 
Тағы бірде Фатима Омарға: 
«Сен адамдардың бәріне әділдік қылып, маған ғана 
әділетсіздік жасайсың. Адамдардың бәріне құқығын беріп, ал 


238


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет