жер басып жүрмейтін. Керек болса, халифа Бағдаттан Меккеге
қажылыққа барғанда да жол бойы аяғының астына кілем төселіп
отырған деген де әңгімелер айтылады.
Омардың алғашқы халифалық күндері басталады. Бір күні ол
қауырт жұмыстармен ары-бері шапқылап жүріп, бесіннің
алдында үйіне келіп, тынығып көз шырымын алу үшін бөлмесіне
кіріп жатады. Бір кезде оған баласы кіріп:
– Әке! Не істейін деп жатырсың? – деп сұрайды.
Әкесі:
– Балам, мен аздап шаршадым, сәл тынығып алайын деп едім,
– дегенде, баласы:
– Әке, сен ұйықтап тұрып шағымдарды қараймын дегенше
амандығыңа кім кепіл бола алады? – дейді.
Баласының бұл айтқан саналы сөзіне дән риза болған Омар
ұлын құшақтап тәнті болып:
– Әлхамду лилләһ! Дініме жәрдемдесетін осындай білімді
ұлды берген Аллаһқа сансыз шүкір, – деп сол заматта-ақ
адамдарға жар салдырып, оларды арыз-шағымдарын тыңдауға
қабылдайтындығын хабарлатады. Сөйтіп, алдыңғы умәуи
халифалардың кезінде зұлымдық көрген адамдардың мәселесін
қарап, елдегі жағдайды ретке келтіреді.
Әйелі Фатима Омарды халифалығымен құттықтап келеді.
Әңгіме барысында Омар ибн Абдул-Азиз оған:
«Фатима! Маған өте ауыр іс жүктелді. Егер менімен бірге
қалуды қаласаң, бұдан кейін саған тиісінше уақыт ажырата
алмаймын. Сондай-ақ молшылық өмірден де бас тартуыңа тура
келеді. Егер бұған төзе алмасаң, өз үйіңе қайта беруіңе болады»,
– деген сөздер айтады. Күйеуінің бұл ұсынысын қабылдаған
Фатима өмір бойы үйренген сән-салтанаттан, молшылықтан,
рақат өмірден бас тартып, тақуа күйеуімен қалуды таңдайды.
Оған қоса Омар ибн Абдул-Азиз Фатимаға:
«Егер менімен қалуды қаласаң, қолыңдағы бар мал-мүлікті,
сәндік
бұйымдарыңды,
інжу-маржан
асыл
тастарыңды
236
Достарыңызбен бөлісу: |