Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет176/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200
Asyl-analar

 
 
мен көсемдерін құзырына жинап, оларды оған қарсы үгіттейді. 
Уәлидтің бұл пиғылына Омар да, Фатима да қарсылық танытады. 
Омар ибн Абдул-Азизден қауіптенген Уәлид бір күні оны 
астыртын шақырып алып, адамдарына бір бөлмеге қаматып, есік-
терезесін сылатып тастайды. Кешіккен сайын хабарсыз кеткен 
күйеуін іздеп Фатима дал болады. Ары-бері шапқылап, Уәлидтің 
әйелі Уммул Бәнинді араға салып жүріп, Омардың қайда 
жатқанын іздеп тапқан Фатима есікті аштырса, ол дем жетпей, 
өлудің сәл-ақ алдында жатыр екен. Фатиманың осындай 
жанашырлығы мен қамқорлығының арқасында Омар ажал 
аузынан қалады. 
Сүлейменнің халифалық мұрагерлігін жоймақ боп жүрген 
аралықта Уәлид ибн Абдул-Мәлик қайтыс болады. Оның орнын 
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик иеленісімен-ақ, Омарды өзінің уәзірі 
әрі кеңесшісі етіп сайлады. Омар ибн Абдул-Азиздің уәзірлікте 
бірінші кіріскен ісі халифаны үгіттеп жүріп, бір кездерде 
Хажжаждың жәбіріне ілігіп, абақтыға жабылған көп адамды 
түрмеден шығару болады. Бір риуаяттарда Хажжаждың қуғын-
сүргінінен абақтыға жабылған адамдардың ұзын саны сексен 
мыңға жеткен делінеді. 
Халыққа жайлы, әділ халифалық құрған Сүлеймен ибн Абдул-
Мәликтің ғұмыры қысқа болады. Сүлейменнің өлімінің себебі ол 
бір күні мешітке жұма намазына шығар алдында үстіне жасыл 
мақпал шапан киіп айнаға қарап, өз-өзіне қатты сүйсініп:
«Аллаһтың атымен ант етейін! Мен – жігіт патшамын», – деп 
тамсанады. Шын мәнінде де, оның жасы бар-жоғы отызда еді. 
Намазға шығып құтпа жасап, көпшілікке имам боп намаз оқып, 
үйіне келе сала науқасқа шалдығады. Қатты ауырып, көп ұзамай 
дүниеден озады. Өмірден өтерінде оның алдына бас уәзірі Ража 
ибн Хайуа кіреді. Ража ибн Хайуа Сүлейменді өзінен кейінгі 
мұрагерлікті Омар ибн Абдул-Азизге қалдыруға көндіріп, оған 
осы мазмұнда бір бұйрықнама жаздырып алады. Ража осыдан 


234


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет