Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет177/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200
Asyl-analar

 
 
кейін көптің алдына шығып, қолындағы бұйрықнаманы көрсетіп 
тұрып:
«Міне, халифаның өсиеті, қолы қойылып, мөрі басылған. Енді 
ол орнына тағайындап кеткен адамға байғат беріңдер», – дейді. 
Адамдардың бәрі кезектегі тақ мұрагері Язид ибн Абдул-
Мәликке байғат беріп жатырмыз деп ойлап жапа-тармағай байғат 
береді. Ража ибн Хайуа адамдардың бәрінен байғат алып 
болғаннан кейін, мешіттің артқы жағында отырған Омар ибн 
Абдул-Азиздің қасына келіп:
«Әс-сәләму аләйкә, уа, мүміндердің әміршісі!» – дейді. Бұл 
адамдарға да, Омарға да күтпеген жағдай еді. Қатты таңырқап 
қалған Омар сасқалақтап, абыржып қалады. Адамдардың 
барлығы оны құттықтап, тіпті кезектегі мұрагер Язидтің өзі келіп 
қолын алады. Абдыраған Омар орнынан тұрып мінберге шыға 
алмаған соң, адамдар оны жабылып көтеріп шығарады. Ол 
сөйлемекші болып еді, оған да шамасы келмейді. Әрең есін 
жиып, Сүлеймен ибн Абдул-Мәликті арулап жерлейді. Жерлеу 
рәсімін аяқтаған соң, үйіне қайту үшін мініс көлігін сұрайды. 
Адамдар оған жаратылған сұлу сәйгүлікті әкеліп алдына тартады. 
Омар:
«Оны алып кетіңдер», – деп орнына қашыр алдыртып, 
қашырға мініп үйіне келеді. 
Өңі қашып үйіне келген оған қызметшісі: 
– Сізге не болған? Бір уайым шегіп тұрсыз ғой, шамасы? – 
дегенде, Омар: 
– Менің басыма түскен іс Шығыс пен Батыстың арасын мекен 
еткен Мұхаммед үмбетінің әрбірінің менде құқығы бар екендігін 
білдіреді. Мен ол құқықтарды шағым алмай орындауым керек. 
Ендеше, қалай уайымға түспейін, – деп жауап береді. 
Омар ибн Абдул-Азиз халифа болып сайланғаннан кейін 
қолындағы өзінің бар мал-мүлкін, тіпті алдыңғы халифалардың 
жолына төселетін кілемдерді сатып, пұлдап, мұсылмандардың 
ортақ қазынасына қосуды бұйырады. Өйткені алдыңғы халифалар 


235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет