240
Бірде Фатима Омардан
неге жылай беретінін сұрағанда, ол
Аллаһ тағаланың
«Бір топ жаннатта, ал бір топ тозақта»
1
деген
аяттарын айтып, «Өзімнің қай топтан екенімді білмеймін», – деп
жылай-жылай есінен танып жығылған.
Фатима Омар ибн Абдул-Азиз жайлы Муғира деген кісіге:
«Ей, Муғира! Намазы мен оразасы Омардан артық кісілер
болса болар, бірақ мен Аллаһтан
қорқуда одан асқан ешкімді
көрмедім. Үйге келсе, көзі жұмылғанша жылайтын. Есінен
танғанша жалбарынатын. Оның үздіксіз қылатын дұғасы:
«Аллаһым! Сен кешеуілдеткен нәрсені жеделдетуді және Сен
жеделдеткен нәрсені кешеуілдетуді ұнатпауым үшін мені
шешіміңмен разы қыл және тағдырыңда маған береке бер!» деген
сөздер еді», – деген.
Омар ибн Абдул-Азиздің тұсында зекет малын алатын кедей-
кепшік болмай қалды. Зекет беру үшін
жат жерлерден адам
іздеуге тура келетін. Ол бар болғаны екі жыл бес ай халифалық
құрды.
Тәркі дүниелігімен әйгілі Мәлик ибн Динар:
«Адамдар: Мәлик тәркі дүние адамы дейді.
Шын мәнінде,
тәркі дүниелік қылған – Омар ибн Абдул-Азиз. Оған дүние өзі
келді, ал ол одан бас тартты», – деген.
Ибн Жәузидің «Сира» кітабында Мұхаммед ибн Абдул-Мәлик
әпкесі Фатимадан Омардың науқасының қалай басталғанын
сұрайды. Сол кезде Фатима былай деп жауап қайтарған:
«Аллаһтың атымен ант етейін! Мен оны Аллаһқа деген
қорқыныштан өлді деп ойлаймын. Сол түні мен оның:
«Бұл – Ақырет мекені. Оны жер бетінде астамшылық және
бұзғыншылық қаламайтындарға арнаймыз. (Істердің)
соңы
тақуалардың пайдасына»
2
, – деп жатқанын естідім. Осылай деп
түні бойы қайталады. Таң атқан кезде оның қасына Мәртәд деген
1
«Шура» сүресі, 7-аят.
2
«Қасас» сүресі, 83-аят.