46
Билқис
ғылым-білім, өнерге, атақ-даңқ, абыройға, көрік-
сымбат,
сұлулыққа, күш-қайрат, құдіретке, ақыл-ой мен
парасатқа ие
болатын, сондай-ақ қарақұрым қалың әскердің
тізгінін қолында ұстаған. Оның ұлылығының айқын сипатын
көрсететін астында ғажайып тағы болатын.
Һудһудтың сөзін естіген Сүлеймен:
«Рас айтасың ба, жоқ өтірік айтасың ба, оны көрерміз,
(әуелі)
менің мына хатымды оларға алып барып таста да,
бұрылып күтіп тұр. Сөйт те, (мұны)
қалай қабылдайды (соны)
бақыла», – деп жат елге сәлемін жолдайды.
Әміршісінің хатын
алып ұшқан Һудһуд Билқис сарайына жетіп, хатты сарайдың
төбесінен тастайды. Көктен түскен
хатқа таңырқаған Билқис
хатты ашып қарап:
«Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим. Маған астам-шылық
көрсетпеңдер. Алдыма бойсұнған күйде келіңдер», – деген
жазуды оқып, Сүлейменнің мөрін көреді.
Арасы алшақ екі елде (Билқис – Йеменде, Сүлеймен –
Палестинада) сұлтандық құрған екі патша ешқашан кездеспеген-
ді. Сүлейменнен келген бұл хаттың мәселесін шешуге Билқистің
ақыл-парасаты, пайымы жетсе де, елінің жақсы-жайсаңдары мен
көреген-көсемдерін жинап, ақылдасуды жөн көреді.
«Ей, ақсақалдар! Маған бір ардақты хат келді, ол
Сүлейменнен... Менің бұл ісіме қатысты ақыл-кеңес
беріңдер», – дейді. Ал кеңесшілері Билқисқа:
«Біз – қарулы әскері бар күшті елміз, қалай шешуді өзің
ойлап көр», – деп істің шешімін өзіне қалдырады.
Елінің мен деген ер-азаматтары
бұл әйелдің алдында
ешқандай шешім қабылдай алмай, істі өзіне қалдырып отырғаны
Билқистің беделінің қаншалықты биіктігі мен ақыл-парасатының
кеңдігін тағы да дәлелдеп тұрғандай. Ауыз тұшырлық, көңіл
қанағаттанарлық ештеңе ести алмаған Билқис:
Достарыңызбен бөлісу: