80
қасірет ауыртпалығын жеңілдетіп, балаларының тәрбиесіне
қарасу үшін, Сәудәның да өз қыздарына, үй-ішіне
бас-көз
болатындығына үміт артып үйленеді. Бұл пайғамбарлықтың 10-
жылы, рамазан айы еді. Хаулә Сәудәға алғаш бұл хабарды
жеткізіп, оның жауабын сұрағанда, мұсылмандардың анасы
атанатындығы оның ойына кірмеген болатын. Ол келісімін беріп,
шексіз қуаныштан төбесі көкке жеткендей күй кешеді. Жұрт
мұны естігенде, өз құлақтарына өздері сенбей:
«Сұлулығы да, сымбаты да жоқ, егде жастағы жесір
құрайыштар ханымы (Хадишаның) орнын баспақшы!» – деп
күңкілдеседі.
Сәудә Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне бүлдіршіндеріне қарайласу,
тұрмыс-тіршілігінің
қиындығын
жеңілдету,
оған
деген
мейірімділігі мен құрметі әрі басына түскен бар ауыртпалықты
иық тіресе бірге көтеру үшін үйленгендігін жақсы түсінеді.
Өйткені ол салмақты да салиқалы әйел басқалар сияқты әйелдік
сезім-қалауы жайлы ойланған емес-ті
және Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) оны «мұсылмандардың анасы» деңгейіне көтергенінің өзі
оған жететін-ді.
Сәудәнің өзі болса баяу қозғалатын, салмағы ауыр кісі еді.
Оның баяу жүрісіне Аллаһ елшісі (с.а.с.) қалжыңдап жиі күлетін.
Бірде Сәудә Пайғамбарымызға (с.а.с.):
«Сенің артыңда намаз оқығанымда, рукуғта шыдай алмастан
мұрнымнан қан ағып кетпесін деп қолыммен мұрнымды қысып
тұрдым», – дейді. Оның мұны айтудағы мақсаты Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) рукуғта ұзақ тұратындығын меңзеу еді. Сәудәнің
айтқанына Пайғамбарымыз (с.а.с.) жымиып
езу тартқан
1
.
Ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен оның қыздарына қолынан
келген бар қамқорлығын аямады, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйін
бақыт пен қуанышқа толтырады. Ал Айша (Аллаһ оған разы
болсын)
ұзатылып келгенде, ол үшін Сәудә ең жақсы бөлмені
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/54.