Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет66/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   200
Asyl-analar

 
 
Оның бізге жеткізген бірнеше хадисінің біреуі имам әл-
Бұхаридің жинағы «Сахих әл-Бұхари» кітабына енген. 
Айша (Аллаһ оған разы болсын) Сәудәні өте қатты жақсы 
көретін, ол жайлы ылғи да келісті сөздер айтатын. «Мен үшін 
Сәудә Зумғақызынан сүйіктірек әйел жоқ және өзім оған қатты 
ұқсағым келеді»
1
, – дейтін ол. 
1
Муслим, Радағ: 47. 


84
 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – АЙША ӘБУ БӘКІРҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ӘКЕСІ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Аллаһтың атымен ант етемін! Ол әкесін есептемегенде
Пайғамбарға (с.а.с.) ең сүйікті адам еді» 
Айша – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жан досының қызы
шыншылының шыншыл қызы, сүйіктісінің сүйікті қызы, 
жанашыр дос, қамқор әйел, Аллаһтың Кітабында күнәлардан 
және жүректердің шүбә-күдігінен арылған мүміндердің пәк 
анасы. Ол күш-жігері сарқылғанша ораза ұстайтын. 
Бұл әйел шыншыл да шарапатты ханым әрі Исламдағы ұлы 
сүйіспеншіліктің – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) махаббатының иесі
бұл өмірдегі ең сүйікті адамы. Сахих хадисте келгендей, Амр ибн 
Ас (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
– Уа, Аллаһтың елшісі! Ең жақсы көретін адамың кім? – деп 
сұрайды. 
Аллаһтың елшісі (с.а.с.): 
– Айша, – деп жауап береді. Амр: 
– Ал ер кісілерден ше? – дегенде, ол (с.а.с.): 
– Оның әкесі, – деген
1

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаны «Хумәйра» деп 
еркелетіп, адамдарға: «Діндеріңнің жартысын осы Хумәйрадан 
үйреніңдер»
2
, – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаны артық жақсы көрсе де, 
әйелдерінің арасындағы теңдікті сақтап: «Аллаһым, мына менің 
иелігімдегі тиесім, иелігімде болмаған нәрседе мені сұраққа ала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет