әзірлеп, аялы алақанымен қамқорлығына алады. Сонымен қатар
жалғыз Айша ғана емес, одан кейін келген Зәйнәб, Хафсалардан
да өзінің кеңдігін аямайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны қатты
құрметтеп, бағалай білетін.
Ол (с.а.с.) барлық әйелдеріне тең қарап, олардың үйлеріне
кезекпен қонатын. Осылайша бірде Сәудәнің кезегі келгенде,
Сәудә онымен (с.а.с.) жұбайлық қатынасын тоқтатып, кезегін
Айшаға беру жайлы сөз қозғайды.
Бұл Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін күтпеген кездейсоқ,
таңғаларлық жағдай еді. Сабырлы да шыдамды әйел
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көңілі мен жан дүниесіне батқан
ұсыныстың ауырлығын сезініп, ішкі жан дүниесінің аласұрып
жатқанын бірден түсінеді. Өзі де қас пен көздің арасында
қолындағы бар асылын жоғалтуы, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзімен
біржолата ажырасып кетуі мүмкін екенін де жақсы білетін. Үн
қатып бірдеңе дей алмаған соң, сыбырлап: «Уа, Аллаһтың елшісі!
Мені өзіңнің әйелің етіп қалдыр. Аллаһпен ант етейін, қазір
күйеу менің не теңім. Бірақ құдіреті күшті Аллаһтан тілерім –
Ақырет күні өзімді сенің жарың етіп қалдыруы», – дейді Сәудә.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған аяушылықпен назар сала қарағанда,
араларында тылсым үнсіздік орнайды. Бұл үнсіздік Сәудәнің
бойында мұң мен қорқыныш ұялатып, оның ауырлығы жанын
күлпарша етіп турағандай болды. Ол өзінің хақысы жоқ нәрсені
сұрап тұрғандай күй кешеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) үнсіз отыра
береді, ал Сәудә сабырмен күтеді. Дәрменсіздік меңдеген
Сәудәнің қартайған ауру денесі соңғы кездері сыр бере бастаған-
ды. Оның ендігі жалғыз тілек-қалауы – бұл өмірде Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) жанында қалып, Ақыретте онымен әйелдерінің
қатарында кездесу еді. Ойына қайтадан өтініші оралып, тамағына
көлденең сүйек тұрып қалғандай булығып: «Мені қоя бер, уа,
Аллаһтың елшісі! Егер Айшаның жасында болсам, әңгіме басқа
еді, мен басқа әйелдер қалайтын әйелдік сезімді де қаламаймын»,
– дейді.
|