Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет90/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200
Asyl-analar

 
 
күйеуің осында. Аллаһтың берекетімен кір», – деді де, өзі келген 
ізімен Меккеге кері қайтты»
Умму Сәләма Мәдинада Сәләмадан басқа үш ұл-қыз сүйіп, 
балаларын ислами тәрбиемен өсіріп, күйеуімен бақытты өмір 
сүреді. Міне, осылайша олар Мәдинада күн кешіп, Әбу Сәләма 
Аллаһтың елшісімен (с.а.с.) бірге Ислам үшін күресіп, Бәдір, 
Ухуд соғыстарына қатысады. Ол Ухуд соғысында жарақат алып, 
оның жазылуы қиынға соғады. Ухуд соғысынан төрт айдан кейін 
Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Бәну асад тайпасы әскерінің Мәдинаға 
шабуыл жасамақ әрекеті мәлім болады да, Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
жаудың құрған жоспарынан бұрын өздері тарпа бас салуды 
ұйымдастырып, бұл істе тәжірибесі бар сахаба Әбу Сәләманың 
әскерге басшылық етуін тапсырады. Бұл «Қитн» сәриясы
1
деген 
атпен мәлім. 
Әбу Сәләма жүз елу сахабадан тұратын жасақпен аңдаусыз 
жатқан асад тайпасын шабуылдап, бас көтерместей етіп 
талқандайды. Сөйтіп, мұсылмандар оңай жеңіске жетеді. Осы 
шайқаста Әбу Сәләма жарақатының аузын қайта ашып алады. 
Осы жарақаты оның өліміне себеп болады. Ол біраз уақыт бойы 
төсек тартып жатады. Умму Сәләма болса оны күтіп, Аллаһтан 
күйеуінің тезірек жарақатынан айығып кетуін тілейді. Әбу 
Сәләма төсек тартып жатып, әйеліне: 
– Бақытсыздық бірде-бір мұсылманға қайғы әкелмеуі керек. 
Шынында, біз – Аллаһтың жаратылысымыз және Оған қайтып 
барамыз. Уа, Аллаһ! Маған бақытсыздық берсең, оны мен төзе 
алатындай және марапатымның себебі қылып бер! Мен Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.):
«Бір мұсылман кісінің басына бақытсыздық келгенде, ол: 
«Аллаһым, бақытсыздығымда маған сауап бере гөр және 
маған одан жақсысын бер», – десе, айтқан тілегі 
орындалады», – дегенін естіген едім, – дейді. 
1
Сәрия – Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатыспаған жорықтар осылай аталған. 


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет