қамқорлығында, ал егер қызғаншақ болсаң, Аллаһқа сені мұнан
арылту үшін дұға қыламын, – дейді
1
.
Умму Сәләма келісімін беріп, олар үйленеді. Ол
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) һижра жыл санауымен 4-жылы,
қырық төрт жасында отау құрады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
әйелдерінің ішіндегі жасы ең үлкені еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
әйелдерін аралағанда содан бастайтын. Бұл күнді Айша анамыз
(Аллаһ оған разы болсын) есіне алып: «Аллаһ елшісі Умму
Сәләмаға үйленгенде, мен қатты қапаландым, өйткені адамдар
оның сұлулығын сөз ететін. Мен бұл жайында Хафсаға
айтқанымда, ол: «Ол адамдар айтқандай сұлу емес. Өзі егде
тартқан жаста», – деді. Мен Умму Сәләманы өз көзіммен
көргенде, расында да, оның көркінің адамдар айтқандай
еместігіне көзім жетті», – деген.
Умму Сәләма осылайша мүміндердің анасы атанып,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйінде тұра бастайды.
Ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге көптеген жорыққа қатысады.
Хайбар,
Мекке
шайқастары
жеңістерінің
және
Таиф
қоршауының, Хауазин, Сақиф жорықтарының, сонымен қатар
қоштасу қажылығының куәсі болады.
Осы оқиғалар барысында Умму Сәләма Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) қасынан табылып, қолтығынан демеген. Оның ақыл-
парасатының жарқын бір бейнесі «Худайбия» келіссөзінде
көрініс табады. Мүшріктермен түзілген кейбір келіссөз
шарттарын мұсылмандар өздерінің құқығын таптау деп ойлаған-
ды. Ең бастысы – олар умраға ниет етіп, ихрамға кіреді.
Келісімшарт бойынша олар сол жылы умра жасамаулары керек
болатын. Сондай-ақ мұсылмандарға ауыр тиген шарттардың бірі
кімде-кім
Меккеден
қашып
шығып,
Мәдинаға
келсе,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны мүшріктерге қайтаратындығы еді.
Дәл осы келісімшарт аяқталған кезде меккелік мұсылмандардың
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/90.
118
Достарыңызбен бөлісу: |