Умму Сәләма қамығып, махаббат толы көздерімен күйеуіне
елжірей қарап:
– «Егер әйелдің күйеуі қайтыс болып, ол жаннаттық болса,
ал әйел тұрмысқа шықпаса, Аллаһтың қалауымен екеуі
жаннатта кездеседі. Әйел қайтыс болса да, дәл сол сияқты»,
– дегенді естігенмін. Мен де сенен кейін ешкімге тұрмысқа
шықпаймын, – дейді.
Әбу Сәләма мұнысына келіспей:
– Уа, Аллаһ! Егер мен көз жұмсам, Умму Сәләмаға қамқор
болатын менен де жақсы бір күйеу бер! – дейді
1
.
Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Сәләманың көңілін сұрай
келеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз алдында Әбу
Сәләма дүниемен қош айтысады. Умму Сәләманың (Аллаһ оған
разы болсын) айтуынша:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Сәләмаға кірді. Оның көздері
ашылып қалған еді. Ол (с.а.с.) оның (көзін) жауып: «Жан шықса,
көз ілеседі», – деді. Сол сәтте отбасымнан адамдар дауыстады.
(Пайғамбар (с.а.с.)): «Өз-өздеріңе қарсы дұға қылмаңдар! Тек
жақсылықпен (дұға қылыңдар). Өйткені періштелер сендердің
айтқандарыңа, «әмин» (қабыл болсын) деп айтып тұрады», –
деді. Сосын Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһым! Әбу Сәләманы
кешір! Тура жол тапқандардың ішінде оның дәрежесін көтер!
Оның артындағылардың (тірілердің) арасынан оның орнын
басқыз! Бізді және оны кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Оған
қабірін кеңейт және ол үшін (қабірін) нұрландыр», – деп дұға
қылды»
2
.
Төрт баламен жесір қалған Умму Сәләма күйеуінің қазасын
сабырлықпен қабылдайды. Әлгінде айтылған күйеуінің өсиеті
құлағында сарнап тұрған Умму Сәләма іштей: «Біз – Аллаһтың
жаратылысымыз және Оған қайтып барамыз. Аллаһым!
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/88.
2
Муслим, Жанаиз: 7.
116
Достарыңызбен бөлісу: |