Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет92/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
Asyl-analar

 
 
Бақытсыздығымда маған сауап бере гөр және маған одан 
жақсысын бер», – деп қайталайды. Бір жағынан: «Егер мен Әбу 
Сәләмадан кейін тұрмысқа шықпасам, одан да жақсы адамды 
қалай талап етемін, тіпті Әбу Сәләмадан абзалырақ біреу бар ма 
екен?» – деп те іштей ой жүгіртеді. 
Осылайша күнделікті тіршілігіне көшіп, жетім қалған төрт 
баласына қамқор болып күндерін өткізіп жатады. Күндер өте 
олардың тұрмыс-тіршілігінде жетіспеушілік орнап, қатты 
қиналады. Осының бәрін көріп жүрген сахабалардың жанына бұл 
жайт қатты батады. 
Әуелі Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) өзіне тұрмысқа 
шығуына сөз салғанда, Умму Сәләма сыпайы түрде кері 
қайтарған-ды. Сосын Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы 
болсын) оған көңілін білдіргенде, оған да Әбу Бәкірге 
қайтарғандай жауап береді. Аллаһ елшісі де (с.а.с.) бұл әйелдің 
жағдайына қатты алаңдап, оны жайдан-жай жалғыз қалдыра 
алмайды. Бірде Умму Сәләма мал терісінен төсеніш тігіп 
отырғанда, үйіне Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп, рұқсат сұрап, 
ішке кіреді. Умму Сәләма Пайғамбарымызға (с.а.с.) төсеніш 
салып отырғызады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) жайғасып отырғаннан 
кейін әңгіме қозғап, оған өзіне тұрмысқа шығуды ұсынады. 
Умму Сәләма көз жұмар шағында күйеуінің айтқан өсиеттерін 
есіне алады да: 
– Уа, Аллаһтың елшісі! Мен саған қарсы келе алмаймын, бірақ 
мұнда мені ұзататын туысым жоқ және де мен өте қызғаншақ 
әйелмін, абайсызда Аллаһқа және саған жақпайтын нәрсе істеп 
қоюдан, оның жазасынан қорқамын. Өзім болсам – шиіттей 
жетімдердің анасымын. Оның үстіне, сырқатпын, жасым болса 
келіп қалды, – деп қынжылады. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) болса: 
Туыстарың болмаса, балаң Сәләма ұзатсын. «Жасым 
болса келіп қалды» дейсің, мен сенен үлкенмін. Ал жетім 
балаларыңа келсек, олар Аллаһ пен Оның елшісінің 


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет