Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет108/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Ақпараттық блок
Қазіргі әлемде адам түрлі сынақтар мен қиындықтардан өтеді. Ол қиындықтар мен кедергілерді адам жалғыз еңсере алмайтыны анық. Ал адам үшін отбасы – қолдау мен көмек көрсететін, дем алып және күш жинайтын қасиетті мекен. Отбасы — адам өмірінің іргетасы.
Отбасылық өмірдің басты құндылығы – бұл отбасы мүшелерінің бағалайтын, ардақ тұтатын және қызығушылықтарының тоғысатын жері. Дегенмен, біз отбасын бөлек құндылық ретінде де тани аламыз. Дегенмен, қоғам өзгеріп, қоғамдағы өзгерістер отбасылық құндылықтардың маңыздылығына өз ықпалын тигізіп жатыр.
Отбасылық құндылықтар – түрлі жарқын сәттер мен жағымды естеліктерден тұратын үйдің өзіндік атмосферасы. Көз алдыңызға елестетіңізші, кешкі уақытта жұбайыңыз және балаларыңызбен дастархан басында күннің қалай қызықты өткендігі туралы, балалардың мектептегі жетістіктері туралы әңгімелері, жақында келе жатқан демалыс күнін қалай өткізетіндеріңізді талқылау, балалардың күлкісі және қуанышы.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру – шығармашылықты қажет ететін ұзақ процесс. Бұл ата-аналардың отбасынан алған ең басты және ең үздік тәжірибелерін өз отбасына көшіруі: отбасындағы достық қарым-қатынас, құрмент пен сенім, өз ісіне деген жауапкершілік, кешіре білу, мейірім мен қамқорлық, махаббат пен шыдамдылық.
Отбасылық құндылықтар жасөспірімнің іс-әрекетінде, мінезінде және қызметінде көрініс табады.



18 минут

Топтық жұмыс
«Отбасылық құндылықтар қобдишасы»
Әр топқа жекелеген мәселе бойынша жағдаят беріледі. Әр мәселелі жағдай белгілі бір отбасылық құндылықтарға бағытталған. Мәселелі жағдайларды шеше отырып, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіздер:
Осы құндылықты бала бойында қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?
Бала бойында осы құндылықтарды қалыптастыру қаншалықты маңызды?
Осы құндылықтар баланың жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді деп ойлайсыз ба?
Сіз отбасы бақытының негізі – отбасылық құндылықтар деген пікірмен келісесіз бе?





Мәселелі жағдай




1 - ТОП

Әмір киберспортпен шұғылданады және компьютермен әуестенеді, IT-технологиялар туралы журналдар мен оқулықтарды көп оқиды. Әмірдің аналитикалық және логикалық қабілеттері жақсы дамыған. Мұғалім Әмірдің ата-анасына оны IT мектепке беру туралы ұсыныс айтты. Дегенмен ата-анасы Әмірді спорт секциясына беруді қалайды. Ата-анасының ойынша, киберспорт*, IT және компьютермен әуестену уақытша нәрсе ғана. Әмір ер жеткенде, басқа да қызығушылықтарды тауып алады.
Мектепте Әмірдің достары аз және ол сүйікті ісімен шұғылданып жатқанда өзінің қатарластарымен жиі жанжалдасады. Кейде Әмір өзін ешкім түсінбейтіндей, ешкім естімейтіндей сезінеді. Ол тұйықтау, әркез өзімен өзі жүреді.
* Киберспорт – компьютерлік ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет