Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет111/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Сіз үшін ең басты құндылық не?


Ұсынылатын отбасылық құндылықтарының тізімі:
Отбасының әрбір мүшесіне құрмет, қамқорлық, отбасылық демалыс, қаржылық қамтамасыз ету, денсаулық, сүйіспеншілік, өзара түсіністік, ортақ мақсаттар, отбасылық дәстүрлер, ортақ хобби, ұрпақтар арасындағы байланыс, бірлескен демалыс, мерекелер, балалар, бірлескен іс-шаралар, спорт, бірлескен саяхат, шығармашылықты қолдау, абырой, бақыт сезімі, ұжымдық жұмыс, адалдық, сенім.



10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
1 – САБАҚ


Тақырыбы: Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...
Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-Ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының өз өмірін өз бетінше құруға деген ұмтылысын қолдауға, дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ынталандыру;
-Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныстыру.
-Бірлескен іс-әрекет дағдыларын дамыту және баланың дербестігіне қатысты өзіндік мінез-құлық бағытын талдау.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

  • ата-аналар борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрмет, сенім, қамқорлық, ашықтық;



Жоспар
I. Кіріспе бөлім: Дербестік тұлғаның маңызды қасиеті ретінде.
II. Негізгі бөлім.
1. Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері.
2. Баланың дербес әрекеттерін қолдау ("Баланың дербестігі" сауалнамасы)
3. Баланың дербестігін қалыптастыру амалдары: "Сіздің балаңыздың портреті", "Жоғары сыныптағы балалардың дербестігін әрбиелеу", "Отбасылық қабырға газеті", "Тепе-теңдік дөңгелегі" тапсырмалары.
4. "Менің балам – тәуелсіз тұлға" жаттығуы.
III. Қорытынды: қорытындылау.


Ресурстар: А4 форматындағы парақтар, қаламдар, қарындаштар, ватман парақтары, түрлі-түсті маркерлер, "Баланың дербестігі" сауалнамасы

Сабақтың ұзақтығы - 60 мин.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет