Құндылық: Ашықтық Бағдар: Заманауи отбасы жабықтықтан ашықтыққа...
№2 - ТОП
Бүгін ауылдан Әлібектің атасы мен әжесі қонаққа келді. Анасы Әлібекті, атасы мен әжесін дастарханға шақырды. Әлібек дастарханға отыра сала тамағын асығыс жей бастады. Атасы мен әжесінің дастарханға отырғанда алдымен дастарханнан үлкен адам дәм татуы керек деген ақылын анасы да, Әлібек те назарына алмады. Анасының айтуынша, бұл дәстүр қазіргі заманда өзінің өзектілігін жоғатқан...
Құндылық: құрмет Отбасындағы өзара құрметтің маңызы.
Бағдар: Балаға берілетін бірінші тәрбие ата – анасын, туған – туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы. Алтынсарин
№3- ТОП
Бүгін Жанар мен Әлихан сабақтан түс қайта оралды. Балалар ас үйден шығып жатқан тағамның иісіне қуанып, ас үйге барды. Балаларға ата-анасы киімдерін ауыстырып, өздеріне көмектесуін сұрады.
Дегенмен, балалар қонақтардың келетініне қуанған жоқ, себебі олар шулайды, ал олар кеткен соң, үйді жинау қажет...
Оның үстіне Әлихан мен Жанар бүгін атақты блогердің стриміне қосылуы қажет.
*Стрим — интернет сервистеріндегі тікелей эфир, мысалы Twitch не YouTube.
Құндылық: қонақжайлық Қонақжайлық – отбасылық құндылықтардың негізі.
Халқымыз балаларды жастайынан қонақжайлыққа тәрбиелейді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды, өнері болса ән салғызып, күй тартқызады, ертегі, қиссалар айтқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа үйір» деп халық тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын есінде сақтай білген жастың өмірді білуі, түсінуі кеңейіп, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді, пайдалы кеңестерді үйренумен бірге, жаманшылықтан жиренуге ден қояды. Халық даналығы
№4 ГРУППА
Бүгін Ілияс сабақтан ерте келді. Сабақтан неге ерте келгенін сұраған анасына Ілияс сыныптастарының еріктілердің клубына баратынын ескертті. Ілиястың сыныптастары бүгін еріктілер клубының атынан қарт ісілерге көмектесуге барған екен. Ілияс еріктілер клубының мүшесі емес, оның ойынша әр адам өз жұмысын өзі жасауы қажет, адамдарға көмектесу – жаі ғана өзіңнің алтын уақытыңды босқа құрту.
Аудиосүйемелдеу https://www.youtube.com/watch?v=4mvE9b7D_1c
Әр топ жеке тапсырма алады. Тапсырманы орындау үшін топқа 5 минут беріледі. Тапсырманы қорғау үшін әр топқа 3 минут беріледі.
5 минут
5 минут
https://www.youtube.com/watch?v=FXD4KpY8yt4