Күтілетін нәтижелер
Сабақ соңында ата-аналар:
жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы түсінігі болады,
балалардың дербестігін дамыту бойынша өз іс-әрекеттерін рефлексиялау дағдыларын дамытады,
балалардың дербестігін дамыту амалдарын меңгереді.
Уақыты
|
Мазмұны
|
Ресурстар
|
|
Тақырыбы " Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде"
Сұрақтар:
1. Балаңыздың мектеп бітіргенде қандай болғанын қалайсыз?
2. Жоғары сынып оқушыларының дербестігін дамытуда олардың қандай жас ерекшеліктері маңызды рөл атқарады?
3. Бұрынғы кездегі балалардың дербестігін тәрбиелеу үшін қандай ұлттық дәстүрлер
болған?
4. Ата-ана баланы дербестікке тәрбиелеу үшін қандай амалдарды қолдана алады?
|
|
5-7 мин.
|
Құрметті ата-аналар! Біздің сабағымыздың тақырыбы – балаларымыздағы дербес тұлғаның қасиеттерін дамыту.
Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы жасқа өзін-өзі танудың, жеке рефлексияның дамуы, яғни олардың өзінің психикалық жағдайы туралы ойлау, өз сезімдерін талдау, өздерінің даралығын түсіну қабілеті тән.
Бұл жастағы физикалық ерекшеліктерге төзімділіктің, қозғалыс координациясының дамуы, бұлшықет күшінің өсуі жатады.
Дене келбеті қалыптасады, жүректің көлемі 60-70%-ға ұлғаяды, қозу үдерісі әлі тежелу ұдерісінен күштірек болса да, орталық жүйке жүйесінің дамуы аяқталады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |