Ата-бабаларымыз балалардағы дербестікті қалай тәрбиелеген
Мұғалім тәрбиенің ұтымды дәстүрінде балалардың дербестігін дамытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары болғанын көрсететін тарихи фактілерді еске түсіруді ұсынады.
Әңгіме
Қазақтарда жаңа туған балаға баламен бір мезгілде туған үй жануарын (құлын немесе бота) беру дәстүрі (басіре) болған. Ол балаға тиесілі болған және онымен бірге өскен. Жануарды күтіп-бағу баланың қамқор, жауапты болуына, және тірі тіршілік иесінің өмірін бағалауға көмектесетін.
Қазақ отбасында балаларды 5 жасқа дейін бетінен қақпай өсіру кезеңі болған. Баланы «патшадай» еркелететін. Ал 6 жастан 15 жасқа дейін – «құл сияқты» – қатаң түрде еңбекке баулу – қозы бағуға, отын дайындауға, ауыздық, қамшы тоқуға, тері илеуге, сарай салуға, атқа мінуге үйреткен. 15 жастан кейін оған «тең адам» ретінде қараған.
13-15 жасында балаларды ересектер деп санап, қоғамдық жиналыстарға қатысуға рұқсат беріліп, олар шаруашылық және өндірістік жұмыстарға белсене араласты.
Педагог атаа-бабаларымыз балаларды еңбекке баулу арқылы дербестік пен жауапкершілікке тәрбиелегеніне тоқтала отырып, талқылауға шақыру үшін сұрақтар қояды:
• Сіздердің балаларыңыздың үй шаруасында қандай міндеттері бар?
• Сіздің ойыңызша, олар балада болуы керек пе, әлде оның негізгі жұмысы – оқумен
айналысуы жеткілікті ме?
|
|
|
2-тапсырма. Ата-ана назарын баланың дербестігіне қатысты өз түсінігі мен іс-әрекетіне аударуды көздейді.
1. Нұсқалардың бірін таңдай отырып, «Баланың дербестігі» сауалнамасының сұрақтарына жауап беріңіз. Соңында жауаптарыңызға сәйкес әріптерді жазыңыз.
2. Жауаптарыңыз бойынша кестені толтырыңыз.
Ата-аналарға арналған сауалнама
1. Сіз ұлыңызбен / қызыңызбен киім сатып алуға барасыз. Таңдау қалай жүреді?
А. Әрине, мен таңдаймын. Егер таңдауды балаға тапсырсам, ол күлкілі көрінетін болады.
B. Біз баламен бірге таңдаймыз, әртүрлі нұсқаларды өлшеп көреміз және әрқайсысының орындылығын талқылаймыз.
C. Бала өзі таңдайды. Менің ойымша, бұл соншалықты маңызды емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |