Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Модератор: Бүгін Сіздермен «Ертегі – танымның көзі»



бет178/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Модератор: Бүгін Сіздермен «Ертегі – танымның көзі» атты тақырыпты бірлесе отырып ашсақ деген ұсыныс бар.

  1. Ертегі туралы не білеміз?

Ертегі деген атаудың өзі «ертедегі», «ертеде ерте күндегі» деген сөзден туған. Содан ертегі айтушыны «ертекші» дейді.
Аталарымыз бен әжелеріміз немерелеріне ертегілерін былай деп бастайтын: «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» деп көпке таныс өлеңдете бастау немесе «Ертеде, ерте ертеде, бәлкім одан да ерте ме, бір бай бопты», «Ертеде кемпір мен шал болыпты» - деген сияқты тіркеспен басталғаны қалыптасқан үрдіс еді. Бұл ертегінің алдында үнемі айтылып отыратын дағдылы сөздер ертегінің жолын ашады, бағытын аңғартады. Ертегінің басталуы мен баяндалуында өзге сөзден бөлек, өзіне тән айшықты өрнектері бар. Мұндағы мақсат: балалар соны аңғарсын да тыңдар ертегісінің ерекшелігіне бейімделе берсін деп психологиялық ахуал туғызғаны.
Ертегіні жұрт қолы боста, қыстың ұзақ кештерінде айтқыш, тыңдағыш болады. Бірақ бұған қарап «ертегі» еріккеннің ермегі деп ойламау керек. Ертегі де фольклордың ішіндегі қоғамдық тәрбиелік маңызы зор – халық шығармашылығының жемісі.
Алғашқы жүз жылда Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – ХІХ ғасырдың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе В.В. Радлов, И.Н. Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н. Потанин, А.В. Васильев, А.Е. Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғылыми пікірлер айтылды.



  1. Ертегі не береді?



Топқа бөлу. Қазір топқа бөлінсек. Қатарынан 1, 2, 3, 4-ке дейін санайық.
Сан реті бойынша төрт топқа бөлініп, орналасады. Топтарына тақырып иемденеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет