Атырау облысы білім беру басқармасы



бет12/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
акушер умк

1.6. № 1 ЗТС
Сабақтың тақырыбы: Акушерлік көмек көрсетуге және қолдан ұрықтандыруға арналған құрал – жабдықтармен танысу, олармен жұмыс істеу ережелері
Сабақтың мақсаты: Акушерлік көмек көрсету кезінде сақталатын негізгі қағидаларды білу, акушерлерік аспаптармен танысу.
Акушерлік көмек көрсету кезінде сақталатын негізгі қағидалар
Акушерлік көмек көрсетудің негізгі мақсаты: төл мен енесінің өмірін сақгау, сонымен қатар мал өнімділігін және көбею кабілетін арттыру.
Көмек көрсету кезінде төмендегідей ережелер сақталады:
Асептика мен антисептиканы сақтаған жөн. Акушер үстіне халат, етік, алжапқыш, жеңқап киеді. Туатын малдың сыртқы жыныстық мүшелерін жылы залалсыздандырғыш ерітіңділермен жуып-шаяды, одан кейін жыныс ернеулерін йодтың 5%-дық ерітіндісімен сүртіп алған абзал.
Акушердің қолы алдын-ала дайындалып, барлық қолданылатын аспаптар мен құралдар таза залалсыздандырылған болуы керек. Тууға көмек көрсетер алдында акушерлік аспаптарды залалсыздандырғышта 15 мин қайнатып залалсыздандырады. Кейбір асығыс жағдайда, немесе кайнатуға мүмкіндік болмаған жағдайда аспаптарды от жалынында қақтап зарарсыздандырады, ол үшін барлық қажетті аспаптарды үлкен эмальданған легенге салып үстіне спирт-ректификат құйып сіріңкемен тұтатады, спирт жанып болған соң аспаптарды суытып пайдаланады. Көмек көрсету аяқталғаннан кейін барлық қолданылған аспаптарды тазартып жуып, залалсыздандырғыш ерітінділерге 30 мин салып қояды.
Туатын малдың сарпайынан шыққан төлдің аяқтарына, басына акушерлік жіптермен ноқта немесе тұзақ салып, мал күшенген кезде тартады. Тууға көмек көрсету алдында туатын малды дұрыс жатқызып, акушерге ыңғайлы жағдай жасаған жөн.
Төлдің бұрыс келген дене мүшелерін кейін қарай мал күшенуін тоқтатып, тынышталған кезде итереді, оларды түзетуді тек жатыр ішінде жүргізу керек. Себебі туу жолдары тар, ыңғайсыз болады.
Егер төл егіз болып, туу жолдарына қабаттасып келсе, аддымен астыңғы төлді кейін итеріп, үстіңгі төлді бірінші шығарып алады. Өйткені астыңғы төлді үстіңгі төл салмағы басып тұрады да, тартып шығару қиын және олай ету мүмкін емес.
Туу жолдары құрғап кеткен жағдайда оларды қайнатылған жылы сабынды сумен немесе қайнатпалармен, майлы ерітінділермен ылғалдандырады.
Тууға көмек көрсету кезінде жағымсыз иісті дәрілік препараттарды (карбол қышқылы, камфора, лизол, креолин) пайдалануға болмайды. Мал өліп қалған жағдайда мұндай препараттардың иісі етке сіңіп, пайдалануға жарамай қалады. Тууға көмектесуге жағдай болмаған жағдайда Кесарь тілігін немесе фетотомия жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет