Мал түлігі
|
Жыныстық жетілуі
|
Физиологиялық жетілуі
|
Сиыр
|
8-10 ай
|
16-18 ай
|
Бие
|
18 ай
|
3 жасар кезінде
|
Түйе
|
12 ай
|
3-5 жасар кезінде
|
Қой,Ешкі
|
6-8 ай
|
12-18 ай
|
Қоян
|
4-5 ай
|
6-8 ай
|
Шошқа
|
6-8 ай
|
9-12 ай
|
Есек
|
12-15 ай
|
2-3 жасар кезінде
|
Ит
|
4-5 ай
|
10-12 ай
|
Мысық
|
4-5 ай
|
10-12 ай
|
Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық топшасының пайда болып, өсіп-дамуы үрдісін атайды.Ұрық торшасы аналық ұрық безінің сыртқы қыртысы қабатының примордиалдік фолликул Овогеноз деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда болып,өсіп-даму үрдісін дердің арасында пайда болады.Овоцитті сыртынан бір қабатын фоликулярлық торшалар қоршап тұрады. Бұл –алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сол баяулап қартайғанға жүріп отырады. Примордиалдық фолликулдердің жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек азғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың ыдырап сіңіп кетуін айтады. Бұл-кәдімгі физиологиялық құбылыс.
Овоциттің төңірегіндегі қоршап тұрған бір қатар фолликулярлы, эпителеий бірнеше қатар болып көбейе бастайды, фолликула өсіп үлкейе береді, оның ортасына фолликулярлы клеткаларды шетке ығыстырыпкең қуысқа айналады. Фолликула ұрық безінің терең қабатынан бетіне қарай жақындай береді. Фолликулдің қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттан тұрады. Ішкі қабатында фолликулярлы эпителий орналасқан., ол экстрогендік гомон (фолликулин), бөліп шығарады сыртқы қабаты тығыз дәнекер ұлпадан, қан тамырларынан тұрады. Пісіп жетілген фолликулдің көлемі сиырда 1,5 см, биеде 4-5 см болады.
Фолликулдің өсіп жетілуімен қатар ұрық торшасы да өсіп жетіледі. Бұл кезде овоциттің құрамында және оның ядросында күрделі өзгерістер болады. Овоцит екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінгенде одан екінші дәрежедегі овоцит және бірінші бағыттаушы дене тарайды. Осыдан кейін (көбінесе, овуляциядан кейін) екінші дәрежедегі овоцит екінші рет бөлінеді, оның нәтижесінде үшінші дәрежедегі овоцит және екінші бағыттаушы дене бөлініп шығады. Осы үшінші дәрежедегі овоцит жетілген ұрық торшасы болып саналады, оның ядросында хромосомдар саны жартылай ғана (танлоидті сан) болады. Көп төлді жануарлардың аналық ұрық безінде бір мезгілде бірнеше фолликулдер пісіп жетіледі де, овуляция үрдісі ұзаққа созылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жыныстық жетілу дегеніміз не?
2. Физиологиялық жетілу дегеніміз не?
3. Овогенезге түсінік ?
4. Фолликулалардың өсіп жетілуі қалай жүреді?
Достарыңызбен бөлісу: |