Бақылау сұрақтары
Аналық малдардың жыныс мүшелері қандай бөлімдерден тұрады?
Жұмыртқалықтың денедегі орналасу орыны?
Жатыр түтігінің құрылысы мен маңызы?
Жатырдың құрылысы және оның жануар түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері?
Қынаптың, несеп – жыныс кіреберісінің және сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысы?
Аналық малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі қалай жүреді?
1.5. Жыныстық және физиологиялық жетілу.
Жыныстық және физиологиялық жетілу айырмашылықтары
Овогенез
Жыныстық және физиологиялық жетілу . Малдың өсіп өну ,төл беру тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады.Бұл кезде жыныстық органдарда, эндокринді аппаратта және бүкіл организмде өте күрделі морфологиялық,физиологиялық өзгерістер болады.Атап айтқанда аналық жыныстық безде фолликулдер өсип жетіле бастайды да,онда аналық ұрық торшасы және жыныстық эстрогендік гормондар (фолликулин) пайда болады.
Бұл гормондардың әсерінен (эстрон,эсрадиол) ұрғашы малдың өэіне тән ерекше белгілері айқындала түседі,жыныстық оргындары дамып толық жетіледі,мал күйлейді,яғыни жыныстық оргындары дамып толық жетіледі,мал күйлейді,яғни жыныстық цикл қалыптасады.Осы кезен бастап аналық жыныстық безде овогенез үдірісі белгілі бір мерзімде,әрдайым қайталанып отырады да,ол мал қартайғанға дин жалғаса береді.Сонымен қатар сүт бездері де өсіп дамиды.
Жыныстық жетілудің мерзімі әртүрлі факторларға байланысты, яғни түліктің,тұқымы,жынысы,климаты,азықтандыру,бағып-күту,еркек малмен қарым-қатынаста болу сяқты факторлар әсер етеді.Жануардың неғұрлым өмірі қысқа болса,оның жыныстық жетілуі соғұрлым тезірек болады.Бағып –күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де ертерек басталады.
Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап –ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды,себебі бұл кезде организим әлі толық жетілмеген,жамбас қуысы тар.Мұндай жас малдың буаздығы оның организімін де (өспи қалады),іштегі төлдің дұрыс дамуында үлкен зиян келтіреді.Сондықтан ұрықтандыру үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар,организімнің физиологиялық толық жетілуін күту керек.
Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні (экстерьері) және тірілей салмағы ересек малдың тірі салмағының 65-70 пайызын құрауы тиіс.
Құнажын,қашарлардың салмағы 290-300 кг жетсе 16-18 айды күтпей-ақ қашыра беруге болады.Мегежіндердің салмағы 110-120 кг жеткенде ұрықтандырады.
Жыныстық және физиологиялық жетілу мерзімі.
Достарыңызбен бөлісу: |