Акушерлік аспаптар
Акушерлік аспаптарды үш топқа бөледі:
1. Көмекші аспаптар: (Лингорсттың, Цвиктің тұзақ өткізгіштері).
2. Төлді итеруге және тартуға арналған аспаптар: акушерлік балдақтар (Гюнтер, Кюн, Беккер), көз ілмектері (Афанасьев, Крей-Шотлер қос шарнирлі ілмегі), төлдің артқы тесігіне арналған ілмек, ұсақ төлдерге арналған қысқыштар, арнайы акушерлік жіптер және А.И.Варганов, А.Д. Юмакин, Фплянц экстракторлары, сонымен қатар Жоланов М.Н., Қойбағаров Қ.У. ұсынған ДК-1 акушерлік көмек көрсетуге арналған қондырғы.
3. Фетотомияға арналған аспаптар: жасырын пышақтар (Афанасьев, Малькмус), сақина тәрізді пышақтар, ілмек пышақтар, теріні кесуге арналған пышақ, тізбектік пышақ және ара, фетотомдар (Тигезен, Аврутис және Бесхлебнов, Афанасьев, № 1, 2 моделді шапқылар, тері ірегіштер және т.б. Акушерлік балдақтарды жатырдағы төлдің орналасуын дұрыстау үшін акушердің қолын ұзарту мақсатында пайдаланады. Балдақтың басында жіп өткізетін тесіктері бар, сондықтан оны төлді итеру және тарту үшінде пайдаланады. Балдақты төлдің иығына, кеудесіне, шатына тіреп итеруге боладьг. Көз ілмектерін төлдің басын дұрыстау және тарту үшін қолданады. Афанасьевтің және Крей-Шотлердің қос шарнирлі ілмектерін жабық күйінде жатыр ішіне енгізіп алып, төлдің керекті жеріне, яғни көздеріне, мойынына, сан етіне салып тартып шығаруға қолданады.
Ұсақ малдың төлін алып шығуға арналған қысқышты туу жолдарына жабық қалпында енгізіп, төлдің дене мүшелерінен қысып алып тартуға қолданады. Тұзақ, ара өткізгіштерді төлдің мойнынан, аяқтарының арасынан, қолтығынан жіп немесе ара өткізуге пайдаланады. Акушерлік жіптер төлдің дене мүшелеріне тұзақ, басына ноқта салу үшін қолданылады. Олардың жуандығы - 5-10 мм болу керек.
Фетотомдар төлді кесіп бөлшектеуге, сүйектерін шабуға, ұсақтауға қолданылады.
Акушерлік құрал – саймандар
А- акушерлік тұзақтар және ноқталар; Б – тұзақ өткізгіштер (1 – Цвиктікі, 2 - Лингорсттікі); В – балдақтар (1 – Гюнтер, 2 – Кюн, 3 - Беккер); Г – акушерлік ілмектер (1 Крей – Шотлер, 2 көзге арналған); Д – қысқыштар (1 – тісті, 2 - Витт).
Фетотомияға арналған құралдар:
А – Афанасьев фетотомы (1 – мандрен, 2 – фетотом, 3 – ара өткізгіш, 4 – бекіту құлыптары, 5 – сым арасы, 6 - тұтқалар); Б – Пфлянцтың фетотомы және экстракторы (1 – жағасы, 2 – шынжыры, 3 – тірегіш сақинасы); В – Персен арасы; Г – пышақтар (1, 2 – Малькмустың жасырын пышақтары, 3, 4 – Афанасьевтің жасырын пышақтары).
Бақылау сұрақтары:
Акушерлік көмек көрсетудің мақсаты неде?
Акушерлік көмек көрсету кезінде сақталатын ережелер?
Акушерлік аспаптардың түрлері?
Фетотомияға арналған аспаптарды атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |