Атырау облысы білім беру басқармасы



бет21/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
акушер умк

Төлдің мацерациялануы деп төлдің қағанақ қабықтары мен жұмсақ тоқымаларының ферментативті процестердің әсерінен еріп, қоймалжың сұйыққа айналуын айтады. Жатыр ішінде жиналған қойыртпақ уақыт өткен сайын сіңіп, азая береді де, орынында бөлшек-бөлшек болып бір жерге жиналған сүйектері ғана қалады. Бұл процесте мумификация сияқты жатыр мойыны жабық асептикалық жағдайда өтеді. Малдың бұрын байқалған буаздық белгілері ары қарай дамымайды Тік ішекке қол салып көргенде жатыр ішінде шарана суы емес, ботқа тәрізді қою бір зат былқылдап білінеді. Мал күйлеп, жатыр мойыны ашылған кезде, бұл сұйық ұсақ сүйектерді ілестіре, сыртқа ағып шығады. Кейде мацерация іріңді процеске ауысып кетіп, мал сепсистен өлуі де мүмкін.
Төлдің іріп-шіруі деп жатыр ішіне іріңдік микроорганизмнің түсіп, өлген төлді шірітіп жіберуін айтады. Төл ісіп - кеуіп үлкейіп, тері астына газ жиналады. Төлді ұстап көргенде сытырлайды. Одан жатыр керіліп, тіпті жарылып кетуі де мүмкін. Малдың жалпы жағдайы нашар, күйзелісте болады. Ас қорыту органдарының қызметі баяулайды. Жатыр мойыны ашылып, ішінен сасық сұйықтық бөлінеді. Қынап іші ысып, кілегейлі қабығы құрғап тұрады. Мал сепсистен өліп кетуі мүмкін.
Қағанақ қабықтарының бөсірі (водянка) деп шарана суларын шамадан тыс көбейіп кетуін айтады (гидроамнион, гидроаллантоис). Көбінесе сиыр мен биеде кездеседі. Жиналған судың көлемі 10-20 литрге жетеді. Малдың қарыны қампиып, ентігеді, тамыр соғуы жиілеп, жиі - жиі нәжіс, зәр шығарады. Тік ішекке қол салғанда үлкен қысымды сеземіз, жатыр үлкейіп, іші суға толған, қабырғасы жұқарып, былқылдап жамбас қуысына кіріп тұрады, төл қолға ілінбейді.
Төлдің бөсірі деп төлдің денесіне судың іркілдеп, көп жиналуын айтады. Төлдің басы, кеудесі немесе қарыны, тіпті бүкіл денесінің бәрі ісініп, салмағы 70-80 кг дейін жетеді. Көбінесе буаздықтың аяғына жетпей төл өліп қалады.
Әлсіз толғақ. Туу кезінде төлді қуып шығаруға малдың күші жетпейді. Жатыр мен қарны көк етінің жиырылуы нашар, арасындағы үзіліс ұзаққа созылады. Оның себебі көбінесе, малдың буаздық кезеңінде күтімі нашар болған (жемшөп жетіспейді, құнарсыз, серуенге шықпайды), жатыр жарығы және қағанақ қабықтарының бөсірі толғақтың осылай басталуына себепкер болады. Кейде төл теріс келіп немесе төл өтетін жол тарлық қылғанда жақсы басталған толғақ, мал шаршап діңкесі құрыған соң, әлсіз толғаққа ауысады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, төл өліп қалуы мүмкін.
Жатырдың тонусын күшейту үшін жатырға қол салып, жайлап оның қабырғасын сипайды, төл дұрыс келген болса, аяқтарынан, басына жіп салып тартып көреді. Тері астына сиырға 8-10 мл питиутрин, шошқаға, саулыққа 1 мл жіберсе толғақ күшейеді. Сондай ақ эстрофан салса да болады. Эстрофан ірі қара малға 2 мл тері астына, окситоцин 50-60ЕД, яғни 10-12 мл. Төл дұрыс келмеген жағдайда алдымен оны түзету керек, туу жолдарын майлап, төлді тартқылап малға көмектесу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет