Атырау облысы білім беру басқармасы


Жатыр жарығы (hernia шteri s hysterocale)



бет16/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
акушер умк

Жатыр жарығы (hernia шteri s hysterocale). Буаз малдың қарын көк еті соққыдан жыртылып жатыр тері астына шығып кетеді. Бұл ауру көбінесе, сиырда биеде ешкіде кездеседі. Бұл бүйірі немесе қарынның астыңғы жағы бұлтиып шығып тұрады ұстап түртіп қарағанда, ішінде жиналған шарана суды, кейде төлдің дене мүшелерін сеземіз. Уақыт өткен сайын жатырдын тері астына ығысуы көбейе береді, сыртынан қарағанда, ісік үлкейe береді. Бірақ бұл патология төлдің өсіп дамуына аса көп кесірін тигізе қоймайды, малдын жалпы жағдайы да өзгермейді, тек туу кезінде мал өздігінен туа алмай көп қиналады да, төл тұншығып өлiп кетуi мүмкiн. Ауруды емдеу әдісі табылған жоқ, тек туу актісі басталған кезде төлді тартып шығару керек, қажет болса, кесар операциясын жасайды.
Жатырдан қан кету (һаетatometra). Жатырдан қан кетукөбінесе, сиыр мен биеде зақымдану салдарынан жиі кездеседі яғни , тепкенде,сүзгенде, қарғығанда, құлағанда жатыр тамырлары жыртылуы мүмкін. Сырттай қарағанда, малдын сарпайынан қан ағып жүргенiн көреміз, қынап iшінде кесек кесек қан ұйындысын кездестіреміз. Егер қанның ағуы онша көп болмаса мал ақырындап өздігінен жазылып кетеді, ал енді қанның ағуы тоқтамаса, жиналған қан хорионды плацентасымен жатырдын кілегей қабығынан ажыратып жіберуі мүмкін , онда аборт болады. Ауру малды көп мазаламау керек, 3-4 күн қатарынан бұлшықетке аскорбин қышқылын (Cдәрумені), венаға 150-200 млхлорлы калций немесе калций глоканаты ерітінділерін салады.
Жатырдың бұралуы (torsio шteri). Көбінесе, сиырда кездеседi бұл патологияның мәні жатыр өз осінен 180-360°-қа айналып кетеді. Буаздық мерзімі асқан сайын жатыр ұзара түседі де, оны бекітіп ұстап тұрған кен жазық байламның (шарбы) әлі жетпей мал құлағанда, арықтан қарғып өткенде, жатыр оп-онай өз осінен айналып кетеді. Сондықтан буаздық мерзімі екінші жартысына ауған малды қуалап айдауға, биік қырдан төмен қарай түсіруге тар есіктен сығылыстырып шығаруға болмайды. Жатыр онша көп бұралмаса, оның қантамырлары қысылмайды да буаздық үзілмей аяғына дейін дұрыс жүре береді, ал жатыр толығымен бір айналып түсе, тамырлары қысылып, қан бармай iшiндегi төл тұншығып өледi. Жатыры бұралған малдын алғашқы кезде жалпы жағдайы өзгермейді, кейіннен түйнек болған сияқты мал мазасыздана береді, күшенеді, қынаптын кілегей қабығының қатпарлары жатырдың бұралған жағына қарай тартылып тұрады. Тік ішекке қол салып жатырдың бұралып тұрғанын оңай анықтауға болады, оның бiр жақ байламы (шарбы майы) тартылып, екінші жағы босжатады. Жатыр 3609-қабұралса көп кешікпей-ақ оның қабырғасында некроз басталады да жатыр кынаптан бөлініп түседі. Бұралған жатырды қалпына келтіру үшн тик шек арқылы. жатырды кері оұрау керек, ол мүмкін олмаса малды тегіс жерге жынғып, оны арқасынан жатырдың бұралған жағына өте жылдам аудару керек (Шефер әдісі), тіпті болмаса сиырдың екі артқы аяғын қосып байлап блока іліп алып 0,5-1 метр биіктікке көтеріп туру керек. Сиыр әрі-бері бұлқынғанда бұралған жатыр жазылып кетуі мүмкін. Бұралған жатырды түзету мүмкін болмаса, кесар операциясына кіріседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет