Атырау облысы білім беру басқармасы


Дұрыс азықтандырмаудан болған аборт



бет19/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
акушер умк

Дұрыс азықтандырмаудан болған аборт деп жем-шөптің жетіспеуінен, шіріген, көгерген жем - шөпті жеп уланудан, аш қарынға мұз болып қатып қалған азық жеуден, салқын су ішуден, рационда А, Е, Д витаминдері мен ақзаттар, көмірсулар, макро- және микроэлементгердің жетіспеуінен, іш кептіретін, шық түскен, қырау тұрған көк шөпті жегендіктен болған абортты айтады.
Зақымданудан болған аборт деп мал сүзіскенде, тебіскенде сүрініп құлағанда, тар қақпадан қысылып-сығылып шыққанда, ұзақ жолға қуалап айдағанда, тік ішек арқылы тексергенде жатырды немесе жұмыртқалықтағы сары денені езіп жібергенде, мал бір нәрседен қатты үркіп - қорыққанда болған абортты айтады.
Жасырын аборт көбінесе рационның құнарсыздығынан немесе жатырдың ауруларынан, төл қабықтарына індеттің түсуінен, уланудан болады. Кейде эндокринді бездердің (гипофиз, сары дене) гормондарының жетіспеуінен де болады. Аборт болған мал қайтадан күйлейді. Тік ішек арқылы тексергенде буаздықтың бұрынғы білінген белгілері байқалмайды.
Індеттік және инвазиялық аборт деп көбінесе бруцеллез, паратиф, хламидиоз, кампилобактериоз, трихомоноз, токсоплазмоз ауруларынан болған абортты айтады. Диагнозды лабораторияда, қағанақ қабықтарын, қынап ішіндегі сұйықты тексеру арқылы қояды. Кампилобактериоз, трихомоноз болған сиырлардың қынабы қабынып, шүртекей төңірегінде ұсақ қызыл-қоңыр түсті түйіндер болады.
Шала туған төл деп буаздықтың соңына жетпей, ерте туған төлді айтады. Сиырда 7-8 айлығында туа береді. Егер төлдің үстіне түгелдей жүн шығып, емізік соратындай қабілеті болса, онда төлді аман алып қалуға болады. Төлдің үстін құрғатып, жылы орап, жиі - емізікпен жылы уыз беріп отыру керек.
Түсік деп үстінде жүні жоқ, өлі туған төлді айтады. Көп жағдайда буаздықтың қай мезгілінде аборт болғанын анықтау қажет болады. Оның негізгі принципі түсіктің ұзындығын (құйрық түбінен желкесіне дейін), салмағын өлшейді, денесінің жүн шыққан жерлерін қарайды.
Аборт болған малды емдеу. Аборт болған малды табыннан бөлектеп, жылы, құрғақ жерге оқшаулайды, жеңіл қорытылатын, құнарлы жемшөп беріп, ерекше күтімге алады. Мал дәрігерінің бірінші мақсаты жатыр ішін тазарту. Ол үшін 1 пайыздық синестролдің майлы ерітіндісін 2-5 мл, тері акстына жібереді, 8-10 мл. питиутрин, 50-60 ЕД окситоцин, 2-3 мл 0,5 %-дық прозерин салса да болады.
Жатыр мойнын ашатындай Ноздрачев блокадасын, сакральді немесе Исаевтің пресакральді анестезиясын жасап, жатыр мойны ашылған соң ішін дезинфекциялық ерітінділермен жуып тазалайды. Жатырдың ішіне антимикробты препараттарды (фуразолиден таяқшаларын, септиметрин, экзутер, трициллин, Вишневский бальзамын) салып венадан глюкозаның 40% - дық ерітіндісін 150-200 мл., хлорлы кальцийдің 10% - дық ерітіндісін 100-150 мл және 10-15 мл кофеин қосып жіберсе дұрыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет