Атырау облысы білім беру басқармасы


Қынаптың түсуі (ihversio vaginae, polapsиs paginae)



бет17/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
акушер умк

Қынаптың түсуі (ihversio vaginae, polapsиs paginae). Буаздықтың соңына қарай көбінесе, сиыр мен ешкіде қыстың күндері немесе ерте көктемде кездеседі. Жем-шөптің жетіспеуінен жайылымға шығармаудан мал арықтап әлсірейді, қынаптың сыртындағы дәнекер тканьді клечатка тозып жоқ болады, оған осымша құрсақ қуысындағы қысым кынаптың босансыған қабырғасын сыртқа қарай ығыстырып шығара бастайды. Сөйтіп кынап қабырғасы бұлтиып жыныс саңылауынан шығып тұрады. Алғашқы кезде қынап жартылайғана түседі, тек үстіңгі қабырғасы ғана жұдырықтай болып қызарып шығып тұрады.Сиыр тұрып кеткенде түскен қынабы қайтып орнына барып көрінбей қалады. Бірақ уақыт өткен сайын ауру одан әрі асқына береді де, қынаптың толық түсуіне айналады, тіпті жатыр мойны да көрініп тұратын болады. Қынаптың түскен бөлігі күнге кеуіп, жарылып топырақ, боқ сідікпен ластанып қабынады, ісінеді, мал күйзеліске түседі. Қынап кілегей қабығы қарайып, шіріп өлітканыге айналады. Малдың нәжіс, зәр шығаруы қиындайды. Ауру ұзаққа созылса сепсистен немесе басқа асқынудан өлiп кетуi мүмкiн. Емдеудің негізгі мақсаты түскен қынапты орнына салу және қайіп түспейтіндей етіп бекіту. Алдымен қынаптың түскен бөлігін фурацилиннің (1:5000), маргенец қышқылды калийдің (1:1000-5000), этакринділактатын (1:1000), ашудастың 1-2 пайызды ерітінділерімен жақсылап жуып тазартып, жарақаттанған жерін йодпен күйдіріп, ихтиол, стрептоцид, ксероформ майларын жағып орнына саламыз. Бұл операция оңай болуы үшін сиырға 1 құйрық омыртқасы тұсынан сакральді анестезияны жасайды.
Қынапты орнына салған соң қайта түспеуі үшін сыртынан жіппен таңып байлайды немесе жыныс ернеулерін екі-үш жерден тiгiп қояды. Тiгiстi турар алдында ғана алады.
Мезгілсіз толғақ деп буаздықтың аяғына жетпей ерте басталған толғақты айтады. Көбінесе, биеде кездеседі. Мезгілсіз толғақ кезінде, кәдімгі толғақтан айырмашылығы, туу актісінің белгілері көрінбейді. Аурудың өрбуіне көбінесе малдың зорығуы бірденеден үркіп-қорқуы, шіріген улы жемшөп жеп қойып, аш қарынға салқын су ішуі себеп болады.
Мезгілсіз толғақ кезінде жатыр мойны көбінесе, жабық болады, биелерде бұлауру 2-12 сағатқа дейін созылып барып тоқтайды,бірақ іштегі төл өліп қалуы мүмкін. Ал сиырда мезгілсіз толғақ 3 тәулікке дейін созылса да, аборт болмайбуаздық аяғына дейін жетіп төл аман қалатын жағдай жиі кездеседі. Толғақты тоқтату үшін сакральді анестезия (10-30 мл новокаиннің 2 пайыздық ерітіндісі) жасап, аузынан сиырға 500 мл 40 пайыздық спирт, биелерге 25-40гр.хлорагидратты суға қосып бередi.Малдың артқы жағы биiктеу болып тұрғаны дұрыс.
Бақылау сұрақтары:

  1. Акушерлік ауруларға түсінік?

  2. Буаздық ісігі симптомдары?

  3. Буаз көтерем малдарға жасалатын емдік шаралар?

  4. Остеомаляцияға сипаттама?

  5. Мезгілсіз толғақ қалай білінеді?

  6. Қынаптың түсуінің негізгі белгілері?

  7. Жатырдан қан кеткенде жасалатын емдік шаралар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет