Атырау облысы білім беру басқармасы


Іштастау себептері, классификациясы, эканомикалық зияны, жасырын іштастау



бет18/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
акушер умк

1.8. Іштастау себептері, классификациясы, эканомикалық зияны, жасырын іштастау
1. Аборттың жіктелуі
2. Іштастау себептері
Буаздықтың мезгілінен бұрын, ерте үзілуін - аборт деп атайды.
Аборт шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіреді: жоспар бойынша аламыз деп үміттеніп отырған төл алынбай қалады, өнімділігі төмендейді, мініс жылқы жұмысқа жарамайды, ауырып, азып-тозып өліп қалуы мүмкін. Аборттың салдарынан мал ұзақ уақытқа бедеу болып қалуы мүмкін.
Iш тастау деген ұғым аборттың бір түрі ғана, аборттың нәтижесі әртүрлі. Атап айтқанда, төл ыдырап, сіңіп жоқ болып кетуі, төл құрғап, кеуіп, қатып қалуы, іріп-шіруі, өлі немесе тірі, бірақ жетілмей тууы мүмкін.
Іш тастау деп жетілмеген, қызыл шақалақ өлі төлдің түсуін айтады. Аборт барлық мал түлігінде кездеседі.
Аборттың жіктелуі:
1. Мезгіліне қарай: ерте болған аборт, кеш болған аборт.
2. Клиникалық көрінуіне қарай:
• толық аборт
жартылай аборт
• үйреншікті аборт
• жасырын аборт (эмбрионалды аборт)
3. Түріне қарай:
• жұқпайтын аборт
• жұқпалы аборт (індеттік, инвазиялық)
4. Ақырғы нәтижесіне қарай:
• ыдырап сіңіп кетуі
• іріп-шіруі (путрификация)
• түсік (өлі тууы)
• шала тууы
• мацерациялануы
• мумификациялануы
Буаздықтың бірінші жартысында, бір айдың ішінде болға абортты ерте болған аборт, ал екінші жартысында, соңғы айларда болған абортты кеш болған аборт немесе шала туу деп те айтады. Көп төлді малдың ішіндегі барлық төлі өліп калса толық аборт, бір-екеуі өліп, қалғандары аман есен, ай күніне жетіп туса. жартылай аборт дейді. Ұрғашы малдың жыл сайын буаздықтың белгілі бір мерзіміне жеткенде іш тастап кетуін үйреншікті аборт дейді.
Буаздықтың ерте мезгілінде аборт болып, төл ыдырап – сіңіп кетіп, ешқандай клиникалық белгілері байқалмаса, оны жасырын аборт дейді.
Әрбір аборт болған малды, оның төлін мұқият тексеру керек. Себебі, жұқпалы аборт басқа малға жұғып, тез арада таралып кетуі мүмкін. Шаруашалықта көбінесе жұқпайтын аборт кездеседі. Оны негізгі себебі буаз малды дұрыс азықтандырмау, бағым-күтімінің нашарлығы, қорқып - үркуі, соққы тию, зорығу, қансырау, улану өкпе, жүрек, бауыр, жатыр аурулары мен төлдің даму процесінің бұзылуы, тағы сол сияқгы факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет