Атырау облысы білім беру басқармасы


Серозды, катарльды, фиброзды, іріңді, гемаррагиялық желінсау



бет26/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
акушер умк

1.12. Серозды, катарльды, фиброзды, іріңді, гемаррагиялық желінсау

  1. Серозды желінсау, емі

  2. Катарльды желінсау, емі

  3. Фиброзды желінсау, емі

  4. Іріңді желінсау, емі

  5. Гемаррагиялық желінсау, емі

  6. Тәнді желінсау, емі

Серозды желінсау. Серозды желінсаудың клиникалық көріністері - ауру басталғанда желінде гиперемия болады және серозды экссудат жииалады, сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті бездерінің көлемі ұлғайған. Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұзамай жазылып кетеді.
Емі. Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12 г стрептоцид ұнтағын 3 рет бөліп ішкізеді. Д.Д. Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды. Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.
Катаралды желінсау. Катаралды желінсау кезінде сүтте ірімтіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрде өтеді: а) цистерна және сүг жолдарының катары; б) альвеола катары.
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңг жағын ұстап көргенде тығыздалған жерлері байқалады олар іріп-ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілері. Оны сауып тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды.
Емі. Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ӘБ антибиотиктер қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын эксудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар 1-2 рет Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет